X
egov

You are here

Тамара Дүйсенова жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізуге дайындық барысын айтып берді

Үкімет үйі

Үкіметтегі бірлескен баспасөз мәслихатында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізуге дайындық кезінде қол жеткізілген негізгі нәтижелер туралы әңгімеледі.

Министрдің айтуынша, бүгінде 2 миллионнан астам адамға зейнетақы көтеру міндеті іске асырылды. Сонымен қатар, бала туғанға байланысты берілетін біржолғы төлемді 20 пайызға өсіру қамтамасыз етілді. 

“Атаулы әлеуметтік көмекке келсек, қазіргі уақытта оның түр-сипаты толық өзгеруде, яғни мемлекет жәрдеміне мұқтаж барлық еңбекке жарамсыз азаматтар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлемі көбейген жәрдемақы иеленетін болады.

Еңбекке қабілетті азаматтар әлеуметтік қолдаудың 2 түрін алады - ол атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекет есебінен оқып, шағын несиеге иек арту және мемлекет қаражатына жұмыспен қамту бағдарламасына қатыса отырып, еңбек ресурстары қажет етілетін өңірлерге қоныс аудару”, - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Жаңа атаулы әлеуметтік көмекті енгізуге әзірлік аясында, міне осымен төртінші жыл, Қазақстанда “Өрлеу” жобасы жүзеге асырылуда. Пилоттық өңірлерде жоба өз тиімділігін дәлелдеп, бүгінгі таңда аталған бағдарламамен барлық облыстар қамтылуда.

2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Өрлеу» жобасына қатысушылардың саны 107,1 мың адам құрап, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,9 есе (өткен жылы 18,3 мың адам болды) артық межені бағындырды; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 20,9 мың адам немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабілетті қатысушыларының жалпы санының 88,2 пайызы қамтылды; жобаның аз қамтылған қатысушыларының табыстары 6 мың теңгеден (жобаға қатысқанға дейін) 17,5 мың теңгеге дейін (жобаға қатысқаннан кейін) 2,9 есе артты.
Жобаны биыл жүзеге асыру мақсатында және елдің барлық аудандары мен қалаларынан кем дегенде 150 мың аз қамтылған азаматты тарту үшін республикалық бюджеттен 7,1 млрд. теңге сомасындағы қаражат қарастырылған.

Осылайша, жаңа нысандағы АӘК енгізілуі әлеуметтік көмекті алушыларының жауапкершілігін арттыруға, жұмыс іздеуге және өзін-өзі қамтуға ынтасын күшейтуге, одан басқа, аз қамтылған азаматтардың ел экономикасына және қоғам өміріне қатысу деңгейінің артуына ықпал етеді. Түпкі жемісі сол, бұл қадам аз қамтылған азаматтардың өмір сапасына оң әсер етуі тиіс.

Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек қағидаларын, зейнетақы жүйесі реформасын, әлеуметтік қызметтерді әрі қарай жаңғырту мәселелерін түсіндіру мақсатында, Министр Тамара Дүйсенованың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтуде. Осы аптада жұмыс тобы Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесулер өткізіп жатыр. 

26 шілде, 2017 - 15:48 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші