Еңбекмині қызметкерлері ОҚО Қазығұрт ауданындағы әріптестеріне көмекке келді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбекмині қызметкерлері ОҚО Қазығұрт ауданындағы әріптестеріне көмекке келді

Қазығұрт

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап, Оңтүстік Қазақстан облысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері бастау алды.

Министрлік өкілдері жұмысын Қазығұрт ауданынан бастап, күннің алғашқы жартысында, жергілікті әкімдіктік ғимаратында 170-тен астам тұрғын қатысқан кездесу өткізілді.

Жұмыс тобының мүшелері халықпен жүздесу барысында Қазақстанның бүгінгі зейнетақы жүйесі туралы әңгімелеп, зейнетақы мен жәрдемақыны 20 пайызға көтеру, әйелдердің зейнет жасын 2018 жылдан бастап біртіндеп жоғарылату, жалпы зейнетақыны тағайындау шарттарының өзгеруі, жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарнасын салуы сынды мәселелерге кеңінен тоқталды.  

Сонымен қатар, министрліктегі құрылымдық бөлімше мамандары халықты жұмыспен қамту саласында мемлекет тарапынан қарастырылған мүмкіндіктер жайын қозғап, әлеуметтік көмек көрсету мен бос жұмыс орындарына бағыттаудағы техникалық-өндірістік білім беру ұйымдарында тегін оқыту сияқты қолдау шараларын тарқатты.

“Мемлекеттік аннуитеттік компания” АҚ, “Мемлекеттік сақтандыру төлемдері қоры” АҚ өкілдері өндірісте оқыс жағдай орын алғандағы жұмысшыны міндетті сақтандыру мен әлеуметтік сақтандыру маңыздылығын жеткізді.

Кезек азаматтарды жеке қабылдауға келіп, тұрғындар зейнетақыны дұрыс есептеу, базалық зейнетақыны тағайындағанда еңбек өтілін ескеру, зейнетақы төлемдерін үзбей жасау секілді мәселелерді көтеріп, азаматтардың бірі зейнетақы төлемдеріне екі жыл бойы назар аудармаған, декреттік төлемдерге немқұрайлы қараған жұмыс беруші жағына наразылығын білдірді. Медициналық сақтандыру жайына алаңдаушылық танытқандар да жолықты.

Министрлік қызметкерлері зейнет жасына таяған 12 әйелдің әрқайсымен жеке-дара сұхбат құрып, олардың бірі қоғамдық жұмыстарға тұруға құлшынысын байқатса, тағы бір азаматша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы оқу курстарынан өткенін, өз кәсібін ашуға құжат жинап жатқанын хабарлады. 

Азаматтарды қабылдау кезінде бес баланы жалғыз асыраушы, кенжесі 3 жастағы анаға атаулы әлеуметтік көмекті алуға жан-жақты көмек көрсетілді. Сондай-ақ, үй-үйді аралау аясында “Өрлеу” жобасына қатысушы аз қамтылған әрі көпбалалы отбасылар қамтылды. Қорытындысында нақты жобаға қатысушылардың пікіріне көңіл бөлініп, ескерту-ұсыныстары түртіп алынды. 

Қазығұрт ауданының жұмыспен қамту орталығына барған сәтте, мекеме қызметкерлеріне жұмыспен қамту, көмекке жүгінуші жандармен жұмыс жүргізу мәселелерінде жаңашылдықтар айтылды.

26 шілде, 2017 - 19:39 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші