X
egov

You are here

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысында халықпен кездесуін жалғастыруда

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысында халықпен кездесуін жалғастыруда

26 шілдеден бері Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтуде.
Демалыс күндері және осы аптаның басында Министрлік қызметкерлері ОҚО Ордабасы ауданындағы Қажымұқан кенті мен Түркістан қаласы тұрғындарымен жүздесті.
Ордабасы ауданындағы жиынға 70-тен артық адам қатысса, Түркістандағы басқосуға 200-ге жуық жан келді. Аталған іс-шаралардан соң Еңбекминінің жетекші сарапшылары азаматтарды жеке қабылдады. Құзырлы мекеме өкілдерінің кеңесіне ден қойған оңтүстікқазақстандықтарды ынтымақты зейнетақыны тағайындау мен төлеу, аз қамтылған отбасылардағы еңбекке қабілетті тұлғаларға жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті беру, көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау амалдарын ұсыну мәселелері қызықтырды. Оның ішінде, әсіресе, жергілікті халық Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасы жөнінде көп сұрақ қойды.
Астаналық жұмыс тобының мүшелері көмекке жүгінген жандарға бос жұмыс орындарына орналастыру жағынан қарайласып, жұмыссыз және сұранысқа ие мамандықтар бойынша білімі жоқ азаматтарды қысқа мерзімге арналған оқуға жолдады.
Сонымен қатар, халықты әлеуметтік қорғау саласының мамандары зейнет жасына жақындаған әйелдерге қатысты үй-үйді аралап, оларға мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін мүмкіндіктер туралы әңгіме қозғады.
Әрі қарай «Өрлеу» жобасына қатысушы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды аралау жүргізіліп, оның барысында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа тәсілдері түсіндірілді және де жобаны жүзеге асыру кезінде туындаған ұсыныс-ескертулер қаперге алынды.
Жалпы «Өрлеу» жобасына атсалысудың оң жемісі байқалып, жоба аясында игерілген қаржыға талаптанушылардың кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастағанын атап өту керек.
 

31 шілде, 2017 - 20:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші