Жаңаөзен халқы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өз ұсыныстарын жеткізді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Жаңаөзен халқы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өз ұсыныстарын жеткізді

Жаңаөзен

Маңғыстау облысындағы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің үшінші күні Жаңаөзен халқымен кездесулерге арналды.

Сапар барысында қалалық әкімдікке жиналған жергілікті халыққа зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қолға алынған реформалар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасындағы мүмкіндіктер жайы жеткізілді.

Қала тұрғындары зейнет жасын еңсерген соң да еңбек ете беру, аталмыш мәселені еңбек заңнамасында нақтылау жайын қозғады. Жергілікті бюджет есебінен Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әкімдіктер құзыреті тұрғысында да бірқатар ұсыныстар жасалды: жастар тәжірибесін 6 айдан 1 жылға дейін ұзарту; әлеуметтік жұмыс орындары бойынша мемлекет тарапынан қаржыландыру үлесін 35%-дан 50%-ға дейін ұлғайту, мүгедектерге мерзімін 3 жылға дейін созу.

Аталған шарадан соң азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау өткізілді.

Жеке қабылдау кезінде кәсіпкерлердің бірі қоныс аударуға және көшті қабылдайтын өңірлерде жеке ісін ашуға бейіл қалалық кәсіпкерлер тобы атынан сөз алып, оған ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында еліміздің солтүстік аймақтарына баруды жоспарлап отырған делегация құрамына қосылатыны мәлім етілді. 

Әрі қарай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қалалық бөлімшесі мен Жұмыспен қамту орталығының тыныс-тіршілігі назарға ілікті.

Орталық қызметкерлерімен жүздесуде «Өрлеу» жобасын тиімді іске асыру қырлары, аз қамтылған азаматтарды жобаға тарту, еңбекке қабілетті жоба қатысушылары үшін міндетті зейнетақы жарналарының толық төленуін қамтамасыз ету жайлары талқыланды.

Ағымдағы жылдың жеті айында «Өрлеу» жобасына 324 жаннан тұратын 61 отбасы қатысушы атанған. Бұл уақыт аралығында 1202 адам жұмыспен қамтылған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары «Өрлеу» жобасына қатысушы 2 отбасының және Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында алған несиеге түйе шаруашылығын ұйымдастырған кәсіп иесінің үйінде болды.  

15 тамыз, 2017 - 04:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші