X
egov

You are here

Астана қаласында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес

2017 жылдың 15 тамызында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес отырысы өтіп, оған денсаулық сақтау саласы еңбеккерлері кәсіподағының төрайымы Мереке Бутина мен «Білім мен ғылым саласы қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Виктор Бежанаров қатысты.

Жиында «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы таныстырылды.

Отырыс барысында қазіргі қолданыстағы заңнамаға енгізілетін негізгі толықтырулар мен түзетулер жайы тыңдалды. Мәселен, 19 нормативтік-құқықтық актіні өзгерту жоспарланған (3 Кодекс пен 16 Заң).

Мемлекет басшысы 2015 жылдың 30 қарашасындағы өз Жолдауында мұқтаж азаматтарды нақты кірістері мен өмір сүру жағдайын ескере отырып атаулы мемлекеттік қолдауды күшейтуді тапсырғаны белгілі. Осыған байланысты, Үкіметке әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру арқылы жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру нұсқалғаны да аян.  

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Әлеуметтік даму тұжырымдасында жаңартылған нормативтік-құқықтық база әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға арқау болып, саладағы тың бастамаларды жүзеге асыруда табыс кепілі бола алатыны көрсетілген.

Заң жобасын қабылдауға азаматтардың жекелеген санатына әлеуметтік кепілдік беру бағытын ретке келтіру, елдегі іс жүзіндегі заңнама баптарының кемшін тұстарын жойып, талапқа сай ету түйткілдеріне қатысты әлеуметтік заң кілтипандарын жетілдіру қажеттілігі түрткі болуда.

Тұжырымдамалық түзетулер мен толықтырулар келесі межелерді қамтуы тиіс:

- Семей ядролық сынақ алаңында зардап шеккен мәртебесі бар және радиациялық ластанған аумақтарда тұратын азаматтардың қосымша еңбекақысы мен еңбек демалысын төлеуде заң күшін пайдалану мен әлеуметтік қолдау көрсетуді нақтылау;

- ауылдық елдімекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдары мамандарына коммуналдық қызметтер мен отын шығындарын өтеуде заң баптарын бірдей түсіну мақсатында редакциялық және нақтылайтын өзгерістер енгізу.

Жалпы заң жобасын Қоғамдық кеңес мүшелері мен кәсіподақтар өкілдері ауылдық елдімекендердегі әлеуметтік сала мамандарының коммуналдық қызметке кететін шығынын жабу мен отын алуға құқық тағайындайтын баптар жөнінде редакциялық түзетулерді ескере отырып мақұлдады.  

16 тамыз, 2017 - 21:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші