X
egov

You are here

Елімізде «Еңбек жолы» байқауына дауыс беру жүріп жатыр

Еңбек жолы

Еліміз бойынша үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайтын «Еңбек жолы» байқауына онлайн дауыс беру басталды.

        Байқау үш аталым бойынша өткізіледі:  «Үздік еңбек әулеті», «Үздік жас қызметкер», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері.  
           Бүгінгі таңда өңірімдің 11 өңірінде дауыс беру белсенді түрде жүріп жатыр. Кез-келген Қазақстан азаматы өз қаласының үздік жұмысшысын онлайн тәртіпте таңдай алады.

          Онлайн-дауыс беру әр аталым бойынша 3 үздік жұмысшыны анықтауға мүмкіндік береді (барлығы 9 үміткер). 2 кезеңде аймақтық комиссия мүшелері іріктелген 3 үздіктен аймақтық жеңімпазды анықтайды.

          Барлық аймақтағы үздік деп танылған қатысушылар аталған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алып, дәл осы кезеңде байқау жеңімпаздары анықталады.

         Еске сала кетсек, республикалық «Еңбек жолы» байқауы 2016 жылы бекітілген. Іс-шараның мақсаты - жастарды еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу,  жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдай жасау болып табылады.
         Республикалық кезеңнің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың қазан айында  Астана қаласында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына» атты  республикалық форумында өткізу жоспарланып отыр.

         ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған шараға барлық азаматтарды белсенді түрде қатысуға шақырады.  

22 тамыз, 2017 - 17:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші