Мемлекеттік еңбек инспекторлары жыл басынан бері 12,9 мың азаматтың құқығын қорғады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жыл басынан бері 12,9 мың азаматтың құқығын қорғады

Еңбек қорғау

Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 956 кәсіпорынның 2,08 млрд тенге көлеміндегі жалақы қарызын анықтады. Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне барлығы 127,7 млн  теңгені құрайтын 588 айыппұл салынды. Сондай-ақ 816 орындауды талап ететін  ескерту берілді.

Осылайша, мемлекеттік еңбек инспекциясының жұмысы нәтижесінде 12,9 мың жалақысыз қалған жұмысшыға, 1,68 млрд теңге мөлшеріндегі  еңбекақы қарызы өтелді.

Бүгінгі таңда еңбекақыны төлеу бойынша заңбұзушылық деректерін анықтау жұмыстары жалғасуда.               

24 тамыз, 2017 - 12:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші