Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

Конституция күні

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шараны аша отырып, қызметкерлерді аталған маңызды мерекемен құттықтады. Өз құттықтау сөзінде Тамара Дүйсенова Конституция бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешек кепілі екенін атап өтті.

«Конституция күні – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң шешімдер қабылдау барысында мемлекет пен қоғамдық санадағы рөлін айқындайтын айтулы мереке. Сіздерге бейбіт өмір, келісім мен тұрақтылық, әрбір отбасында бақыт пен шаттықтың орнауын тілеймін. Отанымыздың өркендеуі үшін биік белестерді бағындыру - бізді жаңа табыстарға жетелейді деп сенемін!», - деді Тамара Дүйсенова.

Жиын барысында Министр бірқатар ведомство қызметкерін Алғыс хатпен марапаттады.

Шара соңында, Білім күні қарсаңында, Министрлік қызметкерлерінің 1-ші сыныпқа баратын  балаларына және де кейбір аз қамтылған отбасыларға мектеп заттары табысталды.

29 тамыз, 2017 - 17:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші