«Қазақстан» шахтасында орын алған оқыс оқиғаға байланысты ақпарат | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«Қазақстан» шахтасында орын алған оқыс оқиғаға байланысты ақпарат

Шахта

2017 жылдың 31 тамызы 4 сағат 21 минутта Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ тарапына тиесілі «Қазақстан» шахтасында бақытсыз жағдай орын алды.

Қазіргі уақытта қолда бар ақпаратқа сәйкес, кен орнының жұмысшылары 3 адамның тіл тартпай кеткенін хабарлаған.

Апат кезінде шахтада 132 адам болған.

Барлық кеншілер жер үстіне көтерілген.

Оқиға орнында кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің мамандары жұмыс істеуде.

Оқыс жағдайды тексеру үшін бүгінде өнеркәсіп қауіпсіздігі, мемлекеттік еңбек инспекциясы, жұмыс беруші мен кәсіподақ жағынан құзыретті органдар өкілдерінен комиссия құрылды.

Қосымша ақпарат қажет болса, ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жүгінген жөн.

31 тамыз, 2017 - 11:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші