X
egov

You are here

Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады

Қабылдау

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек саласы бойынша азаматтарды қабылдады.

Келіп түскен арыз-шағымдардың көпшілігі  денсаулық жағдайына байланысты мүгедектікті алуға, жұмыспен қамту мәселесі, зейнетақымен қамсыздандыру сұрақтарына қатысты болып отыр. Олардың барлығы Министр тарапынан мұқият тыңдалып, әрқайсына қажетті түсініктеме берілді.

Қабылдауға қатысушылардың бірі, Ақмола облысының зейнеткері өз кәсібін әрі қарай жандандыруы үшін несие алуға Министрліктің қолдау көрсетуін сұрады.

«Азаматтарды қабылдау кезінде Министрлік құзырынан тыс, жалпы Үкімет жұмысының өзге бағыттарына қатысты да сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Себебі, өтініш білдіретін азаматтардың көбісі өз мәселесінің қай мекемеге жолдануы керектігіне жіті мән бермей, мемлекет тарапынан көмек күтеді. Әрине, өзге министрліктер өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан және де өмірлік тәжірибеге сүйене отырып, бағыт-бағдар көрсетуге тырысамыз. Дегенмен, біз де өзге мемлекеттік қызметкерлер сияқты бір шешімге келмес бұрын, алдымен заң талаптарына жүгінетінімізді айтқым келеді. Алайда, бәрінен бұрын басына іс түскен азаматтарға қол ұшын беріп, көмектесуге тырысатынымыз анық», - деп түсіндірді Тамара Қасымқызы.

Кездесу барысында Астана қаласының тұрғыны денсаулығына келтірілген зиян құны өтелмегенін айтып шағымданды. Қарағанды қаласындағы Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының тұжырымына сәйкес, 2008 жылдың 25 қыркүйегінен бастап оған кәсібіне байланысты бронхит ауруы белгіленген. Медициналық-әлеуметтік сараптама орталығының шешіміне сай, кәсіби еңбекке жарамдылықты жоғалтуына байланысты өтініш білдірген азамат бұған дейін үшінші топтағы мүгедек деп танылған. Министр осы және де өзге сұрақтарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыры шегінде толыққанды жауап берді.

Қабылдау қорытындысы бойынша, Тамара Дүйсенова өтінімдерді өз бақылауына алып, ҚР Еңбекмин комитеттері, құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық департаменттерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді. 

31 тамыз, 2017 - 17:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші