Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 2017 жылдың 1 қыркүйегінде 66 мыңнан астам теңгені құрады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 2017 жылдың 1 қыркүйегінде 66 мыңнан астам теңгені құрады

Зейнеткерлер

Елімізде 2017 жылдың 1 қыркүйегінде орташа зейнетақы мөлшері 66 051 теңгені межелеп отыр. Мұнымен қоса, зейнетақы алатын азаматтардың саны 2 104,2 мың адамды құрады.

2017 жылғы қаңтар-тамыз айларында базалық зейнетақыны төлеуге арналған шығындар 223,1 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақы төлемдеріне арналған шығындар – 798,5 млрд теңге болды.

Бүгінде 669,6 мың адам мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақы алуда. Оның ішінде 506,6 мың адам мүгедектігі бойынша, 161,2 мың адам асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, 1,8 мың адам жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік көмекпен қамтылған.

Ал, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 32 392 теңгені құраса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін көмек құны 28 571 теңгені, сондай-ақ, жасына байланысты алатын әлеметтік жәрдемақы  12 719 теңгені көрсетті.

Атап өтер жайт, 2017 жылғы 31 қаңтардағы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеп, оған Мемлекет басшысы қол қойған болатын. Аталған құжат арқылы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап өткен жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшері 20%-ға  артты.

15 қыркүйек, 2017 - 16:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші