You are here

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер жіктеуіші

Кәсіптерді жіктеу және кәсіптердің жіктеуіші не үшін қажет?

Біріншіден, еңбек нарығындағы барлық қолданыстағы кәсіптерді топтастыру үшін, яғни біз сол арқылы елімізде қандай жұмыс орындары бар екенін және олар қалайша еңбек ресурстары арқылы толықтырылатынын білеміз және одан әрі еңбек нарығы бойынша қажетті статистикалық ақпаратты жинау және талдау үшін (әр түрлі жіктеу деңгейлерін кәсіптік топтастыру бойынша кадрлардың құрамын және оларды үлестіруді есептеу, кадрлардың қосымша қажеттілігін жоспарлау және т.б.; халық санағын жүргізу, Халықаралық еңбек ұйымы әзірлейтін еңбек статистикасы бойынша мерзімдік шолуларға арналған статистикалық деректер және т.б.)

Екіншіден, жиналатын статистика талданады және жұмыспен қамту, білім, көші-қон, шетел жұмыс күшін қарату және өзгелері сияқты әр түрлі салаларда саясатқа ақпараттық негіз болып табылады.

Мысалы, жіктеуіш еңбек ресурстарындағы қажеттіліктерді жыл сайын болжау кезінде керек, оның нәтижелері мектеп оқушыларына, студенттерге және олардың ата-аналарына еңбек нарығында бүгін қандай жағдай болып жатқанын, қандай кәсіптер көбірек талап етілетінін, сол кәсіптер нені білдіретіні туралы, оның ішінде кәсіптер жіктеуіші бойынша сипаттама беру туралы ақпаратты ұсыну үшін кадрларды даярлауға және кәсіптік бағытталған жұмысқа мемлекеттік білім тапсырысын құруға негіз болып табылады.

Үшіншіден, жіктеуіш жұмыспен қамту қызметтерінің жұмыс берушілер ұсынатын бос орындардың және белгілі кәсіптері бар жұмыс іздеушілердің түйісуі бөлігіндегі жұмысын қамтиды.

Төртіншіден, жіктеуіш Ұлттық біліктілік жүйесімен өзара байланысты қамтамасыз етеді, мысалы, кәсіптік стандарттарда кәсіптердің ұлттық кәсіптер жіктеуіші бойынша кодтары көрсетілген.

Барлық елдердің өз ұлттық жіктеуіштері бар. Сондай-ақ Халықаралық стандарттық кәсіптер жіктеуіші бар (International Standard Classification of Occupations - ISCO), ол Халықаралық еңбек ұйымымен әзірленген және оны көптеген елдер бағдар ретінде қолданады.

Дамыған елдердегі кәсіптер жіктеуішінің жүйелерін 2 топқа бөлуге болады.

Кейбір елдер ISCO құрылымын ұстанады және іріленген топтарды біліктілік деңгейі бойынша сатылап бөледі (менеджерлер, техниктер, кеңсе қызметінің мамандары және т.б.).

Мысалы, Сингапурда Халықаралық ISCO жіктеуішінің құрылымы толықтай сақталған, сонымен бірге кәсіптер топтастығының 5-ші деңгейі қосылды, ол базалық кәсіптер топтастығының санын 1124 дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Австралия, ISCO негізгі тәсілдерін сақтай отырып, құрылымды азын-аулақ өзгертті және кәсіптер топтастығының 5-ші деңгейін қосты (1014 кәсіптер тобы).

Басқа елдер іріленген кәсіптер топтастығын салалық белгілері бойынша бөледі.

Мысалы, Германияда кәсіптер дағдылардың мамандануы бойынша топтасады (ауыл шаруашылығы, шикізат өндіру, құрылыс және т.б.), яғни бөлімдер салалық түрде бөлінеді. Сондай-ақ кәсіптер топтастығының 5-ші деңгейі қосылады, онда кәсіптер неміс біліктілік шеңберін ескере отырып, біліктілік деңгейі бойынша бөлінеді (барлығы 1286 базалық кәсіптер тобы).

АҚШ-та ISCO-дан түбегейлі айырмашылығы бар, салалық белгілері бойынша топтасқан іріленген топтардың 24 бөлігінен тұратын кәсіптер жіктеуішінің жүйесі қолданылады (ISCO 10 және басқа дамыған елдердің орнына). Сонымен бірге біліктілік деңгейлеріне байланысы жоқ және ол маманның дайындық дәрежесін анықтауды қиындатады.

Канадада да кәсіптер топтастығы салалық түрде бөлінеді, бірақ кәсіптерді кодтаудың 5-ші деңгейі жоқ, ол кәсіптерді қамтуды шектейді (400 базалық топтар).

Жалпы кәсіптер жіктеуішінің жүйесінің дамыған елдерде қалыптасуын талдау мынаны көрсетті.

Біріншіден, көптеген елдер нормалар мен ұсынымдарды ISCO қатаң сәйкестікпен қолданбайды және халықаралық салыстыру үшін ауыспалы кестелерді қолданады.

Екіншіден, көп жағдайда елдер кәсіптер кодтауының (5-ші) қосымша деңгейін қосады. Бұл кәсіптерді қамтуды кеңейтуге және базалық топ санын 1000-нан 1300 дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы бірінші кәсіптер жіктеуішін 1999 жылы ҚР МК 01-99 «Мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Мемлекеттік ақпараттық стандарттар орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Стандарттау жөніндегі комитет, Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөніндегі ұлттық комитеті, Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі-Ғылым академиясы әзірледі. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнің 1999 жылғы 16 қазандағы № 22 қаулысымен бекітілген және іске қосылған.

Одан кейін 2005 жылы кәсіптер жіктеуіші 1988 жылғы ISCO сәйкес жаңартылды және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 473 бұйрығымен қайта шығарылды.

2005 жылғы жіктеуіште дағдылар деңгейі және мамандануы бойынша кәсіптер топтастығының 4 деңгейлері (іріленген топ, кіші топ, құраушы топ және базалық топ) қолданылған – бұл кәсіптердің тек 436 базалық тобы, оның нәтижесінде кейбір біртекті емес кәсіптер бір топқа біріктірілген. Мысалы, 1226 кодында жалпы 152 кәсіптер, оның ішінде ұшу қауіпсіздігі қызметінің басшысы, вагон депосының шебері, автоколоннаның басшысы және т.б. сияқты әртектес кәсіптер біріктірілген.

Солайша, жіктеуіштің жеткіліксіз нақтылануына байланысты бүгінге жиналатын статистикалық деректер еңбек нарығында жұмыспен қамту құрылымы туралы толық ақпаратты бермейді, болжау мүмкіндігін шектейді және кадрларды даярлау мәселелерін тиімді шешуге жол бермейді.

Осыған байланысты, үздік әлемдік тәжірибені және Қазақстанның еңбек нарығындағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, жаңа құрылым бойынша жаңа кәсіптер жіктеуішін әзірлеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Жаңа Ұлттық кәсіптер жіктеуішін (бұдан әрі – ҰКЖ) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ әзірледі.

ҰКЖ 2008 жылғы ISCO-мен үйлестірілген және кәсіптерді қолданылатын дағдылардың деңгейі және мамандануы бойынша жіктейді.

Жіктеудің объектілері, кәсіптер шеңберінде жұмыс істейтін адамдар емес, сол кәсіптер болып табылады.

Кәсіптер – жұмыс орнында жүзеге асырылатын, жалақы немесе табыс әкелетін, орындалатын негізгі тапсырмалар мен міндеттер сәйкестігінің жоғары дәрежесімен сипатталатын жұмыстар жинағы.

Дағды – нақты кәсіп шеңберінде нақты тапсырмалар мен міндеттер орындау қабілеті, оның екі белгілері бар:

− дағдылардың деңгейі орындалатын тапсырмалар мен міндеттердің күрделілігі мен көлемін айқындайды;

− дағдылардың мамандануы қолданылатын білімдер, қолданылатын құралдар мен жабдықтар саласын, өңделетін немесе қолданылатын материалдарды және өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің түрлерін назарға ала отырып, орындалатын тапсырмалар мен міндеттердің сипаттамасы мен ортасын айқындайды.

ҰКЖ-да белгілі бір кәсіп шеңберінде қызмет ететін жұмысшы сол кәсіп шеңберіндегі басқа жұмысшыға қарағанда біліктілігі артық немесе кем болып табылатынына емес, орындалатын жұмыстың түріне тірек жасалады.

Мысалы, әр түрлі білім деңгейі және жұмыс тәжірибесі бар үш әр түрлі оқытушы бір негізгі топқа жіктеледі, өйткені олардың міндеттері біртектес – оқыту.

ISCO-08 құрылымы 4 белгілер деңгейіне топтастырылған, бір топта біртекті емес кәсіптердің бірігуін болдырмау және оларды толық қамтуды қамтамасыз ету үшін оған толықтыру ретінде ҰКЖ-ға кәсіптер топтастығының 5-ші деңгейі (5 код белгісі) қосылды, нәтижесінде кәсіптерді 426-дан 1274 топқа дейін кеңейтті және толықтырды.

Егер бұрында біз елге шартты түрде 200 дәрігер даярлау  қажет деп айтып олардың мамандануын білмеген болсақ, бүгінгі таңда біз қандай дәрігер екенін білеміз - кардиологтар, хирургтар және т.б.

Осылайша, жіктеуіште иерархиялық жіктеу тәсілі қолданылады, яғни әрбір топ әрбір деңгейде бөлінеді және ілеспелі кодтау тәсілі, яғни әрбір топ рет-ретімен нөмірленеді.

ХХХХ-Х, ол жердегі

ХХХХ-Х – негізгі топ;

ХХХХ-Х – кіші топ;

ХХХХ-Х – шағын топ;

ХХХХ-Х – бастапқы топ;

ХХХХ-Х – кәсіптер тобы.

 

ҰКЖ құру үлгісі:

2 – мамандар-кәсіпкерлер;

21 – ғылым және техника саласындағы мамандар-кәсіпкерлер;

214 – электротехниктерді алып тастап, техника саласындағы мамандар-кәсіпкерлер;

2147 – мұнайгаз ісінің инженерлері;

2147-1 – шикі мұнай мен табиғи газды бұрғылау жөніндегі инженерлер.

 

Ал 6 белгілер деңгейінде кәсіптердің үлгілері ұсынылған (ХХХХ-Х-ХХХ), яғни кәсіптер тобына кіретін кәсіптің еңбек нарығында қандай нақты атаулары туралы үлгілердің кең спектрі бар. Бұл пайдаланушылардың жіктеуіштерді қолдану кезіндегі ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін жасалған. Кәсіптер атауының үлгілері пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін ҰКЖ-ға енгізілді. Мысалы, сауалнама жүргізу және статистикалық нысандарды толтыру барысында статистикалық деректерді жинау кезінде, сондай-ақ ұсынылған деректерді одан әрі кодтау кезінде. Немесе, мысалы, бос жұмыс орындарын тіркеу және жұмысқа орналастыру бойынша қызметтер көрсету кезінде.

ҰКЖ-ның Ұлттық біліктілік шеңберімен және салалық біліктілік шеңберлерімен байланысы біліктілік жүйесін дамытуға қатысты мәселелерді шешу үшін қызығушылықты ұсынады және ҰБШ мен СБШ бойынша машықтар мен дағдылар деңгейі кәсіптерді жіктеу кезіндегі критерилердің бірі болып табылады.

Кәсіптік стандарттар және сертификаттау ҰКЖ-мен қатар еңбек нарығы мен білімнің тиімді өзара іс-қимылының негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Кәсіптік стандарт өз ретінде мамандарды даярлауға бизнестен техникалық тапсырма болып табылады, ал критерилер және кәсіптік стандарттардың талаптары кәсіпорындармен бірлесіп тәуелсіз бағалау жүргізу және біліктілікті беруге мүмкіндік береді.

Қазақстанда бүгінгі күні әзірленген кәсіптік стандарттардың белгілі саны бар бірақ олардың барлығы әр түрлі әдістеме бойынша әзірленген. Халықаралық тәжірибені ескеріп, кәсіптік стандарттарды кәсіптер бойынша ҰКЖ-ға сәйкес әзірлеу ұсынылады. Алайда, ол үшін, бірінші кезекте, салаларды дамыту перспективаларын, кәсіптің еңбек нарығындағы талап етілуін және т.б. ескере отырып, кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша басым кәсіптерді айқындау қажет.

 

«Бүгінгі таңда Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп біз мамандар мен кәсіптер арасындағы сәйкестік кестесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізудеміз, ол еңбек нарығының және білім жүйесінің бірыңғай тілі болады, сондай-ақ оқушылар мен студенттерге сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді – таңдаған мамандық бойынша оқуды аяқтағаннан кейін кім болып жұмыс істеу немесе оқуды аяқтағаннан кейін таңдалған кәсіп бойынша жұмыс істеу үшін қандай мамандықты таңдау керек?» - А.С. Молчановская, ҰКЖ әзірлеушісі, «ЕРДО» АҚ еңбек нарығын талдау департаментінің директоры.

 

Осы уақытқа дейін жіктеуішті жаңарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

ҰКЖ облыстардың, Алматы және Астана қалаларының барлық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, қауымдастықтарға, сондай-ақ ірі кәсіпорындарға (экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша таңдалған, шамамен 300 кәсіпорын) қарауға жіберлген.

2,5 мыңнан астам ұсыныстар алынды, сондықтан жаңа жіктеуіш қазақстандық экономиканың ерекшелігін көрсетеді. Қазақстанның үшінші жаңғыруын және төртінші өндірістік революцияны ескере отырып, барлық кәсіптер қайта қаралды, өндірісті автоматтандыру кезеңінде талап етілетін робототехника жөніндегі техник, өндірістік роботтарға қызмет көрсету жөніндегі техника-бағдарламашы, инженер-мехатроник сияқты осы күнде өзекті 5 мыңнан астам жаңа кәсіптер қосылды.

ҰКЖ еңбек нарығындағы негізгі ойыншылармен қолданған, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының барлық жергілікті атқарушы органдарымен, 21 мемлекеттік органдармен, 38 жұмыс берушілер бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, 20 әр түрлі ұйымдармен келісілген.

Жаңа ҰКЖ Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетiнің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-од бұйрығымен бекітілген және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады.

Кәсіптер жіктеуішін әрбір 5 жылда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңартады, алайда қажет болған кезде бұны ертерек жасауға болады. ҰКЖ жаңартуда жұмыс берушілер бірлестіктері және жұмыс берушілердің өздері үлкен рөл атқарады, олар қандай кәсіптер ескергенін, ал қандай кәсіптердің нарықта пайда болатынын тікелей біледі, бірақ, өкінішке орай, өздерінің жеке мақсаттарына қол жеткізуге байланысты олар ҰКЖ жаңартуға қатысуға қызығушылық білдірмейді.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды nockz2017@gmail.com мекенжайына жіберуге болады, олар ҰКЖ-ны одан әрі жаңарту кезінде ескеріледі.

19 қыркүйек, 2017 - 12:50 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші