X
egov

You are here

Қазақстан Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығына жетекшілік етеді

Семинар

Бүгін Астанадағы ЭКСПО Конгресс-орталығында 150-ден астам елді біріктіретін Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы мен Еңбекмині ұйымдастыруымен, «Әлеуметтік аударымдар – еңбекпен қамтылған халықтың сенімді әлеуметтік төлемақысы» республикалық семинары өтті.

Халықаралық әлеуметтік сақтандыру қауымдастығының бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанды Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығына төрағалық ете бастауымен құттықтады.

«Қазақстан биыл ТМД елдеріндегі әлеуметтік сақтандыру қорларын біріктіретін серіктес ұйымымыз саналатын Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығын төрағалық ету құрметіне ие болды.

Ерекше қуантатын жайт, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы әлеуметтік жүйені дамыту стратегиясын қалыптастыру кезінде өзге елдердің тәжірибесін ескеруге тырысуда. Мұндай қазіргі заманғы және озық көзқарасты үнемі қолдау керектігін түсінеміз. Себебі, әлеуметтік қорғау саласы қыр-сыры күрделі өте нәзік жүйе екені белгілі. Халықпен етене қарым-қатынас барысында туындайтын тәуекелдерді жете байыптауда мойнымызға зор жауапкершілік жүктеледі. Білетінім, бүгінде Қазақстанда қоғамдық сананы сергітуді қосқанда, барлық өмір тармағын жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Біздің ғасырда ондай батыл шараларсыз мүмкін емес екені аян», - деп ойын жеткізген Ханс-Хорст Конколевски құзырлы Министрлік атқарып жатқан шаруалар арқылы Қазақстанның тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін құруда биік белестерді бағындыра алатынына сенім білдірді.

 Семинарға Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру мен Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастықтарына мүше мемлекеттердің сарапшылары, ҚР Үкіметі мен  Парламенті, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры, жергілікті атқарушы органдар, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері, Еуразиялық одақ елдері мемлекеттік құрылымдарының мүдделі жетекші мамандары қатысты.

Еңбек және халықты әлеуметті қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, үшінші жаңғырту аясында әлеуметтік саланы түбегейлі реформалауға ден қойылғанын әңгімеледі.

«Қазіргі уақытта көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құру аяқталып, әлеуметтік сақтандыру жүйесі аяғына нық тұрды. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нығайтуда, 2018 жылдан бастап, Қазақстанда жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіліп, әрі қарайғы жаңғырту жоспарлары ертеңгі Әлеуметтік қызметкерлер форумында талқыланатын Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту тұжырымдамасында көрініс табатын болады. 

Бүгін семинар аясында болса, біз, қауіпсіз еңбек жағдайы, демографиялық ахуал сынды жайттарды арқау еткен әлеуметтік сақтандыру жүйесін өркендету мәселелерін қарастырмақ ниеттеміз. Негізгі межелі міндет – кіріс көздерін қамтамасыз етуге лайықты жауап беретін халықты әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандырудың тиімді үлгісін қалыптастыру», - деп байыптады вице-министр.

Семинар жұмысында сақтандыру ұстанымдары мен әлеуметтік әділеттілікті сақтай отырып әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру; халықты әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейтудегі жаңа тәсілдерді жүзеге асыру; әлеуметтік аударымдар, сақтандыру жарналары мен міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мәселелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру, сонымен қатар зейнетақымен қамтамасыз ету ұйымдарымен өзара әрекеттесу өзектілігі; әлеуметтік қорғаудың қосымша түрін қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылған халыққа міндетті төлемдердің уақтылы және толық төлену қажеттілігінің маңыздылығы талқыға салынды.

Алқалы кеңес қорытындысында Министрлік болашақта іске асыруға кірісетін бірнеше құжаттар легі түзілді.

 

21 қыркүйек, 2017 - 11:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші