X
egov

You are here

Астанада биылға арналған үздік әлеуметтік жобалар аталды

көрме

Астанада бесінші мерейтойлық «Қазақстанда жүзеге асып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі болып өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған шараға «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ демеушілік танытты.

Көрме нәтижесінде комиссия жылдың үздік әлеуметтік жобалары ретінде келесілерді анықтады:

  1. «Қолжетімді. Ыңғайлы. Әдемі». әлеуметтік жобасы, авторы Сейтбекова Нұргүл Сейтбекқызы, Алматы қаласы (1-ші орын, 2 млн теңге);
  2. «Еңбек – жалпыға ортақ» әлеуметтік жобасы, авторы Ещанов Санаш Сағындықұлы, Қостанай облысы, Рудный қаласы (2-ші орын, 1,5 млн теңге);
  3. «Инва-СТО» мүгедектерге арналған техникаға сервистік-техникалық қызмет көрсету және жөндеу» әлеуметтік жобасы, авторы Ердилдинова Дина Исламқызы,             Астана қаласы (3-ші орын, 1 млн теңге).

          Интернет-дауыс беру нәтижесінде де үш жоба алға шықты:

  1. «Пандус-Ок» - халықтың қозғалысына шектеу қойылған тобына қолжетімді ортаны құру, Ақтөбе облысы, 6276 дауыс, жобаның авторы: Жолдасбаев Шахан Шахмаранұлы;
  2. «Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолжетімді спорт түрлерімен шұғылдануға баулу», Алматы облысы, 5941 дауыс, жобаның авторы: Қожамұратов Тәжіғали Әбдіжәмілұлы
  3. «Асыл көмек, батыл адамдардан», Қарағанды облысы, 5590 дауыс, жобаның авторы: Сүлейменова Әлия Рахамбетқызы.

Сонымен қатар, «Пандус-ОК» көтерген мәселесінің өзектілі үшін 500 000 теңге көлемінде арнайы сыйлық алды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық аймағында үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу аяқталды. Өңірлерден келіп түскен 155 өтініштен биыл 20 жоба үздік деп танылды.

Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу өлшемдері ретінде 6 бағыт анықталды. Олардың негізгілері: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға оңалту іс-қимылдарын өткізу, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру және басқалары.

Көрме жұмысына халықты әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласына қатысы бар үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер бірлестіктері, жеке тұлғалар қатысты.

Аталған шараның мақсаты – қиындыққа тап болған азаматтардың мәселелеріне қоғам назарын аудару.

Жалпы соңғы 5 жылда үздік әлеуметтік жобалар байқауына 650 өтініш қабылданып, 114 әлеуметтік жоба жеңімпаз деп танылды.

Тиісті уақыт аралығында байқауға қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен қаражат түрінде қолдау тапты. Нәтижесінде, өңірлердегі қиын жағдайға тап болған үш жүз мыңнан астам азамат дер кезінде көмек алды.

 

22 қыркүйек, 2017 - 10:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші