X
egov

You are here

Қазақстанда Әлеуметтік регистр құрылатын болады

регистр

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту арқылы әлеуметтік қызметтерді реттеу бағытында жаңа талаптар пайда болуда. Бұл туралы Астана өтіп жатқан бірінші Қазақстанның Әлеуметтік қызметкерлер форумы барысында айтылды.

«Қызметтерді мұқтаж жанның өтініш беруін тосып отырмай-ақ, өзіміз анықтауға күш салуға бекініп отырмыз. Осы орайда жергілікті атқарушы органдар жыл сайын арнаулы әлеуметтік қызметтерге зәру азаматтарды немесе отбасыларды анықтау мақсатында тиісті салада қызмет көрсететін ұйымдар арасында байқау өткізетін болады», - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Жиналған дерек қорытындысы бойынша азаматтарға арналған Әлеуметтік регистр құрылатыны жоспарлануда. Онда арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар және оларға әлеуметтік қызмет көрсету туралы толық ақпарат назарға ұсынылмақ. Ол қызметтітұтынушылардың іс-қимыл қарқынының және құрамының өзгеруін ескере отырып, жүйелі түрде жаңартылып отырмақ. Регистрдегі дерек негізінде жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті, оларды қаржыландырудың қажетті көлемін анықтайды және атаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді деп күтілуде.

«Әлеуметтік регистр орталық мемлекеттік органдардың және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының ақпараттық жүйелерімен ықпалдастырылады. «Бір терезе» ұстанымы аясында әрі қызметті алуға өтініш беруді жеңілдету мақсатында, сондай-ақ, әлеуметтік және кәсіби оңалтудағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін азаматтардың атаулы әлеуметтік көмекті алуға қатысты өтініштері, шешім жобалары, еңбекпен қамтудағы жеке карталарды түзу жұмыстары Жұмыспен қамту орталықтарына жүктеледі», - деп мәлімдеді Министр.

Осылайша, Еңбекмині өкілдерінің пікірінше, орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері Жұмыспен қамту орталықтарының еңбекпен қамтудың жеке карталарын орындау жөніндегі ақпараты негізінде жұмыссыздық жайын анықтап, тіркей яки тіркеуден шығара алады. Сонымен бірге, әлеуметтік көмектерді тағайындау, тоқтата тұру, қалпына келтіру қызметтеріне мүмкіндік беріледі.

Жаңғырту қадамдары ақпараттық жүйелердің дайындық деңгейіне қарай біртіндеп жүзеге аспақ.

22 қыркүйек, 2017 - 16:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші