Биыл қарияларды қолдауға 5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Биыл қарияларды қолдауға 5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған

Қариялар

1 қазан дүниежүзінде Халықаралық қарттар күні аталып өтуде. Мұндағы басты мұрат – егде жастағы жандарға қамқорлық танытуға қоғам назарын аудару.

Мемлекет ардагерлер алдындағы борышын терең сезінеді. Күнделікті қамқорлық пен қолдауды қажет ететін асыл парыз бүгінде Үкімет ұстанған әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналып отыр.

Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстыны зейнетақымен қамсыздандыру болып саналады. Заңнамада жыл сайын зейнетақы төлемдерін инфляция деңгейінен 2%-ға артық мөлшерде индексациялау көзделген. Сонымен қатар, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға дейін өсімін қамтамасыз ету үшін  жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі ұлғайтылды.

Зейнеткерлердің кедейлікке ұшырауының алдын алу және азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыру аясында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақының тағайындау тәртібі өзгереді және ол еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне сәйкес тағайындалатын болады. Бұл дегеніңіз, көп жұмыс істеген және зейнетақы жүйесіне аударымдар жүргізген азаматтардың зейнетақысы көп болады.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөріс деңгейінің құрамын қайта қарау нәтижесінде, оның өлшемі 2017 жылмен салыстырғанда 16%-ға дейін артып, бұл тиісінше базалық зейнетақының, мүгедектер үшін, асыраушысынан айырылған отбасыларға әлеуметтік жәрдемақылардың,  мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге берілетін жәрдемақылардың және атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін арттыруға септігін тигізеді.

Жалпы, ағымдағы жылы, жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілік аясында 5 млрд теңгеден астам, оның ішінде біржолғы материалдық көмек ретінде – 2,3 млрд теңге (160,2 мың адам); қоғамдық көлікте жеңілдетілген тәртіпте жол жүруге – 854,1 млн теңге
(120 мың адам); арзан бағада дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруға – 124,8 млн теңге
(19,2 мың адам); тіс жөндеуге – 107 млн. теңге (1,6 мың адам); шипажай нысандарында емделуден өтуге – 1 млрд теңге (15,1 мың адам); тұрғын үйді жөндеуге – 14,6 млн теңге (171 адам); отынмен қамтуға – 119,6 млн теңге (5,2 мың адам);  көмектің басқа да түрлеріне – 394,8 млн теңге (42,2 мың адам) қаражат жұмсау жоспарлануда.

Қазіргі таңда жергілікті бюджет есебінен қарт азаматтар мен мүгедектер арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда
110 стационарлы интернат үй, 53 күндізгі стационар жұмыс жасайды, олардың қызметімен 3,5 мыңнан астам егде жастағы адам қамтылған. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері үйде шамамен 44 мың қарт азамат пен мүгедекке қызмет көрсетуде. Бұдан тыс, қарт адамдарды, соның ішінде жалғызбасты және тасымалдауға келмейтін адамдарды күндізгі стационар мен үй стационары жағдайында емдеуге жағдай жасалуда.

Бүгінде Қазақстанда 2,1 миллионнан астам жасы келген зейнеткер өмір сүреді.

Халықаралық қарттар күнін 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған.

29 қыркүйек, 2017 - 15:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші