X
egov

You are here

Үшінші жаңғыру стратегиясы кәсіби мамандарды талап етеді

жұмыспен қамту

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың Оңтүстік Казақстан облысына жұмыс сапары аясында 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

Кеңесте сөз алған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Мемлекет басшысы өзінің халыққа соңғы Жолдауында үшінші жаңғырту кезеңіне көшу қажеттігін жариялағанын атап өтті. Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 ел қатарына кіруін қамтамасыз етуді көздеген бұл қадам, әлеуметттік-еңбек саласындағы бірқатар міндеттерді шешуге де септігін тигізбек.

 «Алдымызда тұрған үлкен мәселе – елімізде Үшінші жаңғыру стратегиясын жүзеге асыру негізінде жаңа технологияларды енгізу болып отыр. Ал ол дегеніміз, кәсіби мамандарды талап ететін болады. Ресми статистикаға жүгінсек, жұмыссыз халықтың арасында 25%-ының тек қана орта білімі бар, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 50 %-ында арнайы білімі не кәсіби дағдысы жоқ. Сондықтан жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты – халықты еңбек нарығына керек мамандықтарға жаппай оқыту, яғни оқудан өткен әр азамат өзі кәсіп аша немесе жұмысқа орналаса алады», - деді Тамара Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда 82 мың адам оқуға тартылған, оның ішінде 21 мыңы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, 49 мың адам қысқа мерзімді кәсіптік курстарда, оның ішінде кәсіпорындарда, 12 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерге оқытылуда, сондай-ақ, 5,7 мың адамға шағын несие алған.

Жалпы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына 386 мың азамат тартылса, оның ішінде 204 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Министрлік басшысы еңбек ұтқырлығын арттыруға бағытталған Бағдарламаның қадамдары белсенді түрде іске асырылып жатқанын атап өтті.

Осы бағыттың шеңберінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізілді. Осы жәрмеңкелерге солтүстік өңірлердің жұмыс берушілері қатысып, азаматтарға жұмыс орнын таңдау мүмкіндігі берілді. Нәтижесінде 1 279 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударуға дайын екенін білдірді. Қоныс аудару ерікті түрде және жұмыс берушілерде бос жұмыс орындары болғанда, сондай-ақ, жұмысқа орналасуға кепілдік берілген кезде ғана іске асырылады.

Кеңеске облыстық басқармалар басшылары, аудандар мен қалалар әкімдері, аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының жетекшілері, Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалдарының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, екінші деңгейлі банктердің және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жұмыс сапары аясында Министр Шымкент қаласы әкімдігінің Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталығында болды.

29 қыркүйек, 2017 - 18:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші