Еңбекмині өкілдері «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбекмині өкілдері «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

шарапат

Бүгін «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Қарттар күні атап өтілді. Оған  зейнеткерлер, Ұлы отан соғысы ардагерлері мен еңбек ардагерлері және мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты.

Шараның басты мақсаты – қарттарға әрдайым мейірімділік пен қамқорлықта екенін сездіру. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа аға буын өкілдерін құрметтеп, оларды бағалау керек екенін насихаттау көзделді. Қоғамда мұндай меркелік шаралардың маңызы зор. Себебі, осылайша, халық арасында азаматтардың назарын қиын жағдайға тап болған қарттарға аударуға мүмкіндік бар.

Салтанатты түрде аталып өткен шарада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі атынан Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Дәмежан Сәдуақасова мереке иелеріне басшылықтың жылы лебізі мен ыстық ықыласын жеткізді.

«Сіздердің тер төгіп жасаған еңбектеріңіз бүгінгі тәуелсіз ел ұрпақтарына зор үлгі бола алады. Сіздер елге, жерге қызмет етуді іс жүзінде дәлелдеп бердіңіздер. Биік тұлғаларыңызға алғысымызды білдіре отырып, өздеріңізге деген ақ тілегімізді қабыл алыңыздар», - деді Д.Сәдуақасова.

 «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы зейнет жасына жеткен жандарға, І және ІІ топтағы мүгедектерге, ұдайы басқа адамның көмегі мен күтіміне мұқтаж жалғызбасты азаматтарға қызмет көрсету мақсатында құрылған. Мекеме 1989 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 2007 жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен аталған мекеменің жаңа ғимараты ашылды. Мекеме қызметінің басым бағыты орталықты мекендейтін қариялардың сұранысы мен қажеттілігін толық қамтамасыз ету болып отыр. Мұнда тұрақты және уақытша тұруға арналған 400 орын бар.

Айта кеткен жөн, елімізде бүгінгі таңда 110 стационарлы интернат үй, 53 күндізгі стационар жұмыс істейді, олардың қызметімен 3,5 мыңнан астам егде жастағы адам қамтылған. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері үйде шамамен 44 мың қарт азамат пен мүгедекке қызмет көрсетуде. Бұдан тыс, қарт адамдарды, соның ішінде жалғызбасты және тасымалдауға келмейтін адамдарды күндізгі стационар мен үй стационары жағдайында емдеуге жағдай жасалуда.

Шара соңында кеш қонақтарына гүл шоқтары мен естелік тартулар сыйға тартылды.

2 қазан, 2017 - 18:06 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші