2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «Өрлеу» бағдарламасына 150 мыңға жуық азамат қатысты | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «Өрлеу» бағдарламасына 150 мыңға жуық азамат қатысты

Өрлеу

Бүгінгі таңда  Астана және Алматы қалаларымен қатар, 14 облыстың барлығында «Өрлеу» пилоттық жобасы кеңінен жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес, аталған жобаға қатысушылардың саны 148,8 мыңға жетіп отыр. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артық.

«Өрлеу» пилоттық жобасына отбасыларды тарту және атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында 238 кеңесші және 1047 ассистент жұмысқа тартылды. Аталған есепті кезеңге сәйкес, кеңесші мамандар 236,4 мың отбасыны ақпараттандырып, оның 26,6 мыңы жобаға қатысты. Бүгінде, соңғы мәліметтер, түсіндіру жұмыстарында Астана қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Павлодар облыстарының белсенділігінің жоғары екендігін көрсетіп отыр.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған 30,5 мың адам жалпы «Өрлеу» жобасына қатысушы еңбекке қабілетті азаматтардың  90,9 %-ын құрап отыр.

Айта кеткен жөн, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 23 364 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 4 677 азамат қоғамдық жұмыстер мен әлеуметтік жұмыс орындарына орналыстырылды. Сондай-ақ, 2000 жас маман қайта дайындау курстарына және жастар тәжірибесіне жолданды.

Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекті 20,7 мың адам алуда. Ал, мемлекеттік балалар жәрдемақысы 509,4 мың балаға тағайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, «Өрлеу» пилоттық жобасы – бұл әлеуметтік келісімшарт негізіндегі қаржылай көмек көрсету шараларының кешені. Аталған жоба  атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) жаңа үлгісін қалыптастырып, табыс көзі төмен азаматтарды қолдауға бағытталуда.

2018 жылдың 1 қаңтарынан іске асатын жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекке жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болатын отбасылар қатыса алады.

3 қазан, 2017 - 17:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші