X
egov

You are here

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Алматы облысындағы оқыс оқиғаны тексеру комиссиясын құрды

ан-28

2017 жылдың 3 қазан күні «Республикалық санитарлық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының АН-28 әуе кемесі Алматы-Шымкент бағдары бойынша ұшып келе жатып, сағ. 18:45-те Алматы қаласынан 28 шақырым қашықтықта, Алматы облысы Междуреченское ауылы аумағында назардан жоғалғаны байқалды. Аталған ұшақ санитарлық рейс орындауда болған.

Республикалық санитарлық авиация орталығы директоры Отартаев Н.К. ақпараты бойынша, бортта 5 адамның үшеуі экипаж мүшесі және екеуі дәрігер болған.

Осы орайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ә.Сарбасовтың төрағалығымен оқыс оқиғаны тексеру комиссиясын құрды. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында Бас мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ә.Сарбасов жүр. 

4 қазан, 2017 - 10:54 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші