X
egov

You are here

Қазақстанда үздік әлеуметтік қызметкерлер байқауы басталды

конкурс

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдар тарапымен бірлесе отырып, ҚР Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күніне арналған «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» байқауының басталғанын хабарлайды.

Шара мақсаты – әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттырып, аталған саладағы ең озық тәжірибені анықтау. Байқау «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері», «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері», «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Медициналық-әлеуметтік мекеменің үздік қызметкері», «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым», «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері», «Әлеуметтік саланың үздік ұйымдастырушы-менеджері», «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері» және «Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» атты тоғыз аталым бойынша екі кезеңде өтеді.

Бірінші кезең (аймақтық) ағымдағы жылдың 1 мамыр мен 31 тамыз  аралығында өтсе, екіншісі ақтық кезең 1 қыркүйек пен 20 қазан  аралығында өтеді.

Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау 2017 жылдың 27 қазанда Астанада қаласында ұйымдастырылады.

 Байқауға қойылатын міндетті талаптар: қатысушының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл болуы;  еңбек жолындағы жетістіктері; ағымдағы жылы тәртіптік және өзге де жазалардың болмауы; еңбек ұжымындағы беделі мен әріптестерінің құрметі.

Байқауға қатысу мүмкіндігі туралы толық ақпаратты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 20 қазанындағы Елбасы Жарлығымен бекітілген ҚР Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні ең жас кәсіби мерекелердің қатарынан саналады. Ол қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтеді. 

5 қазан, 2017 - 16:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші