Қазақстанда кәсіби стандарттар жаңадан жасалады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда кәсіби стандарттар жаңадан жасалады

семинар-тренинг

Астанада және Алматыда кәсіби стандарттарды дайындаудың жаңа әдісін оқытуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Осының арқасында 70-ден аса стандарт дайындаушы маман тренингтерден және сертификациядан өтті.

Әдістемені Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  Дүниежүзілік банк қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының аясында Ernst & Young компаниясы жасап шығарды. 2020 жылдың маусымына дейін 550 кәсіби стандартты дайындап, бекіту жоспарланып отыр.

«Кәсіби стандарттар Ұлттық біліктіліктер жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл стандарттар мемлекетке жұмысшыларды оқыту, сондай-ақ, білім беру мекемелерінде, әртүрлі курстарда, сондай-ақ, тікелей еңбек қызметі кезінде үйренген ресми және бейресми дағдыларды тану сынды мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеседі. Кәсіби стандарттар мен біліктіліктер жүйесін ендіру нәтижесінде еңбек нарығы сұранысқа ие кадрлармен толығатын болады», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің директоры Нұркен Тілеуов.

Сертификациядан өткен стандарт дайындаушы мамандар кәсіби стандарттрды дайындауға үстіміздегі жылы кіріскелі отыр. Осы ретте бұл стандартар ұдайы өзгерістен өтіп отырады: құзіретті ұйымдар ең кем дегенде үш жылда бір рет оларды қайта қарастырып, жаңартып отыратын болады. Өндірістің ұйымдастырылуы, оның ерекшеліктері мен құрылымының өзгеруі, сондай-ақ, еңбек функцияларының, құзыреттіліктер мен біліктіліктер мазмұнының өзгеруіне әкелетін жаңа технологияларды ендіру сынды жағдайлар стандарттарды қайта қарастыру және ауыстыруға септігін тигізеді деп көзделуде.

13 қазан, 2017 - 09:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші