X
egov

You are here

Қазақстанда Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштерінің картасы іске қосылды

карта

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштері туралы ақпарат беретін Картаны іске қосты. Аталған жаңа құрал жұмысымен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ сайтында танысуға мүмкіндік бар.

«Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштерінің картасын» жасаудағы басты мақсат – халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі көрсеткіштерінен ақпараттандыру, жұмыс істейтін халықты қосымша әлеуметтік қолдау бойынша  өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндіру  болып табылады», - деді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының президенті Сауле Дүйсенова

Картада міндетті әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік аударымдардың сомасы, сондай-ақ, әлеуметтік төлем алушылар саны, аударымдардың орташа мөлшері мен жалпы сомасы туралы мәлімет жинақталған.

Бұл ақпараттық қызмет мемлекеттік органдар мен  жұмыс берушілерге, сонымен бірге азаматтарға да қажет. Бүгінгі таңда Карта еліміздегі әрбір аудан орталықтары бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы негізгі мәліметтерімен танысуға мүмкіндік береді.

Картаны жетілдіру жұмыстары әлі де жалғасын тауып,  одан әрі өзекті көрсеткіштермен толықтырылатыны көзделіп отыр.

13 қазан, 2017 - 10:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші