X
egov

You are here

Қызылорда облысында 926 әлеуметтік нысан мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болды

қолжетімділік

Бүгінде аймақта жоспардағы 1185 әлеуметтік нысанның 926-ы тиісті бейімдеуден өтті. Тағы 314 нысан 2019 жылдың соңына дейін қолжетімді болады.

Осы және өзге де мәселелер «Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық» жобасы аясында мемлекеттік ұйым басшылары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар кездесуінде талқыланды.

Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда, Қызылорда облысында 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. 2013 жылы аталған өңір республикада бірінші болып мүгедектер құқығын қорғауға және өмір сүру сапасын жақсартуға арналған Жол картасын жасап шығарды.

Тек соңғы 4 жылда құжатта көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға 13,8 млрд теңге жұмсалды.

Мүгедектерді оңалту бағдарламаларының орындалуына облыстық бюджеттен 2017 жылы 415 млн теңгеге жуық қаражат бөлініп, 12 мыңға жуық оңалту бағдарламасы орындалды.

Жыл соңына дейін мүгедектердің шипажайларды емделуіне 1275 жолдама қарастырылған. Одан бөлек, 3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан қозғалысқа қажет құралдармен қамтамасыз етілген. Ал, күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет түрі 190-ға жуық балаға көрсетілді.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасау мақсатында, Қызылорда облысында 18 «Инватакси» көлігі қызмет етеді.

17 қазан, 2017 - 15:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші