Шығыс Қазақстанда «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысқандардың орташа табысы 3 есеге өсті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Шығыс Қазақстанда «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысқандардың орташа табысы 3 есеге өсті

Өрлеу ШҚО

«Өрлеу» пилоттық жобасы Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылы енгізілген болатын. Жоба бүгінге дейін өңірдегі қалалар мен барлық аудандарда қамтылды. Осы уақытқа дейін аталған жобаға 8000-нан астам адам тартылды, бұл шамамен 1900-дей отбасы.

Жалпы көрсеткішті тарқатып айтар болса, 2188 адам жұмыспен қамтылып, оның ішінде 1490 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 698 адам уақытша жұмыспен қамтылды.Осылайша жобаға қатысқан облыс тұрғындарының табысы орта есеппен 3 есеге артты (6050 теңгеден 18150 теңгеге дейін).

Еске сала кету керек, 2014 жылдан бастап қазақстандықтарға әлеуметтік көмек беудің жаңа бағыты қабылданып, осының негізінде Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысында ақшалай көмек төлемдері бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізілген болатын.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты енгізіледі. Яғни, аз  қамтамасыз етілген азаматтар мен отбасыларға берілетін 3 түрлі мемлекеттік қолдау, бұдан былай бір жәрдемақы арқылы берілетін болады.

Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмек көлемін алдағы жылдан бастап 25 пайызға көбейту жоспарлануда. 

Ал, жалпы республика бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізілгелі бері бүгінге дейін оған 161,7 мың қазақстандық қатысты.

19 қазан, 2017 - 15:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші