X
egov

You are here

2018 жылы жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек Оңтүстік Қазақстан облысында 300 мыңға жуық адамды қамтиды деп жоспарланған

Өрлеу ОҚО

Келер жылы жұмсалатын қаржы көлемі үш есеге өсіп, 18 млрд теңгені құрамақ. 

Өңірде әлеуметтік көмектің жаңа сипатына көшу үшін тиісті шаралар барынша атқарылуда. Бұл Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту басқармасы мамандарының жергілікті халықпен кездесуде айтатын басты тақырыбы болып отыр. Жобаны жергілікті халыққа түсіндіруде ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізіліп, оған арнайы 36 мобильді топ  құрылды. Бүгінге дейін 700-ден астам елдімекенде тұрғылықты халықпен кездесулер ұйымдастырылды.  

Бұдан бөлек, жұмыспен қамту орталықтары мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мамандарына, аудан және ауылдық округ әкімдеріне әр тоқсан сайын оқу семинарлары ұйымдастырылды.

Ал, «Өрлеу» жобасы аясында бүгінге дейін жалпы сомасы 6 млрд-тан астам теңге болатын шартты ақшалай көмекті 20 мыңнан астам оңтүстікқазақстандық алды.

Осы жобаға қатысушылардың 94%-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 85%-ы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ағымдағы жылдың 9 айында «Өрлеу» жобасына қатысушылардың қатарында 906 адам өз ісін ашып, жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркелді.

Облыста «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру нәтижесінде, шартты ақшалай көмек алушылардың табысы 4,2 есеге артып, орта есеппен айына 1 адамға 23 мың теңге болды. 

Тегтер:
1 қараша, 2017 - 18:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші