Ақтөбе облысында жазасын өтеп шыққан азаматтар жұмыспен қамтылуда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Ақтөбе облысында жазасын өтеп шыққан азаматтар жұмыспен қамтылуда

Пробация үйі

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында, жұмыспен қамту орталықтарына мерзімді жазасын өтеп шыққан 334 азамат келіп, олардың 217-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, қалғаны қысқамерзімді курстарда, жеке кәсіпкерлік негізі бойынша оқудан өтуде. Олардың арасында мал шаруашылығымен айналысу үшін несие алғандар да бар.    

Биыл Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастырумен еңбекпен түзеу мекемелерінің үшеуінде 5 рет кездесу өтті. Онда аталған орталық мамандары сотталған азаматтарға әлеуметтік қорғау органдары арқылы жұмысқа орналасудың, кәсіптік қайта даярлаудың тәртібі туралы ақпарат берді.  

Еске сала кетсек, Елбасының Ұлт жоспарының «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру» аталатын 33-ші қадамын жүзеге асыру бойынша елімізде алғаш рет облыста «Пробация үйі» пилотты жобасы енгізілген болатын.

Нәтижесінде, күнделікті қабылдау арқылы облыс орталығындағы барлық есепте тұрған азаматтар әлеуметтік-құқықтық көмекпен қамтылды. Сонымен қатар, сәйкес жұмыс өңір аудандарында да жүргізілді.

Жуық арада «Пробация үйі» жобасының екінші кезеңі жүзеге аса бастайды.

24 қазан, 2017 - 11:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші