X
egov

You are here

Бүгін «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталады

ОКҚ

Байқау жеңімпаздарын марапаттау бүгін, 27 қазан күні елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» республикалық форумында өтеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру аясында, Мемлекет басшысының Жарлығымен Еңбек күні мерекесі бекітілді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов, «Еңбек күні» мерекесі өзінің адал еңбегімен егемен Қазақстан экономикасының дамуы мен қалыптасуына аянбай үлес қосқан еңбеккерлерге алғыс білдіруге арналғанын хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, еңбек ардагерлеріне ерекше қарым-қатынас пен терең ықылас таныту мақсатында 2014 жылы «Еңбек ардагері» медалі тағайындалды.

«Еңбек ардагері» медалімен 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар марапатталады. Ал, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 17 наурыздағы Жарлығымен «Еңбек даңқы» ордені белгіленді», - деді Ақмәди Сарбасов.

«Еңбек даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өндірістің басқа да салаларының жұмысшылары мен еңбеккерлері бір кәсіпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы жемісті әрі ұзақ жылғы еңбегі, сондай-ақ еңбек өнімділігін көтеруге және өнімнің сапасын жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістегі аса жоғары көрсеткіштері үшін марапатталады.

Бұған қоса, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету үшін, 2016 жылы Министрлік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерінің арасында өткізілетін  «Еңбек жолы» республикалық байқауын жариялады.

«Еңбек жолы» байқауының мақсаты ел экономикасының дамуына маңызды еңбек үлесін қосқан отандастарының жетістіктері үшін қазақстандықтардың мақтаныш сезімін тәрбиелеу болып саналады.

Байқау үш аталымнан тұрады: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас жұмыскері», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері».

27 қазан, 2017 - 12:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші