X
egov

You are here

Жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау шеңберінде Павлодарда электрондық еңбек биржасын жүргізетін жаңа жұмыспен қамту орталығы ашылды

жұмыспен қамту орталығы

Ашылған жаңа орталық күніне 300 адамға қызмет етуге. Онда халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық кезек, жұмысшылар үшін арнайы зал, жұмыс берушілерді, оқитындарды, шағын несие алушыларды және ізденушілерді қолдау залы бар.

Жаңа орталықтың салтанатты ашылуына Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Еңбек ресурстары дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов қатысты.

Еске сала кетейік, қазан айының басында еліміздің үш қаласы – Астана, Алматы және Павлодарда электронды еңбек биржасы пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Онда жұмыс берушілер кандидаттармен өзара сұхбаттасу, кәсіби мамандарды іріктеу жұмыстарын еркін жүргізе алады.

«Атаулы жұмыс сипатына көшу - халықтың электрондық еңбек биржасына, ХҚКО-на, ауылдық округ әкімдіктеріне жүгінуіне кең мүмкідіктер береді. Жұмыс берушілерге де ерекше назар аударылады. Жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарында, немесе enbek.kz сайтында өз бетінше «Жеке кабинетінде» бос жұмыс орындары, қойылар талаптары, берілетін еңбекақы мен дағдылары туралы деректер қалдыра алады»  - деді Дәулет Арғандықов.

Жұмыспен қамту орталығының жекелеген қызметтері - оқыту, кәсіптік бағдарлау, халықты жұмысқа орналастыру, бизнеске берілетін болады, бұған 1,5 миллиард теңге бөлінді. Жеке жұмыспен қамту агенттіктері үшін функционалды электрондық еңбек биржасы да қарастырылған, онда 19 осындай агенттіктер өздерінің бос жұмыс орындарын орналастырып үлгерді.   

Осылайша, enbek.kz сайтында бос орындар, тйіндемелер туралы барлық ақпарат бір жерде шоғырланатын болады, бұл еңбек нарығының инфрақұрылымын кеңейтеді. Келесі жылы жұмыспен қамту орталықтарының коммерциялық принциптерге ауысуына байланысты, жұмысқа орналастыру фактілері ақылы түрде жүргізіледі.

Осы кезеңде жұмысқа орналасу үшін Павлодар қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына 8500 -ден астам адам жүгінді. Нәтижесінде, 650-дей  адам жұмыспен қамтылды.

Айта кету керек, Қазақстандағы жұмыспен қамту орталықтарының жаңа жұмыс форматын 2018 жылдың қаңтарында толық іске қосу жоспарланғанү Осылайша жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілер үшін жаңа қызметтер түрін ұсына алады.

1 қараша, 2017 - 18:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші