Маңғыстау облысының жұмыспен қамту орталықтары атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізуге дайын | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Маңғыстау облысының жұмыспен қамту орталықтары атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізуге дайын

АӘК

Маңғыстау облысында «Өрлеу» пилотты жобасы басталғаннан бері аймақта 4400-ге жуық адам қатысқан. Олардың 60% -ы тұрақты жұмыспен қамтылды.

Өрлеу жобасы – бұл әлеуметтік келісімшарт жасасқан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделу шараларына қатысқан жағдайда аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) шартты ақшалай көмекті (бұдан әрі – ШАК) ұсынуды көздейтін пилоттық бағдарлама.

Қазіргі таңда «Өрлеу» жобасын одан әрі жүзеге асыру мақсатында 50 маман оқытылып жатыр. Даярлықтан өткен соң олардың барлығы жұмыспен қамту орталықтарының штатына қабылданатын болады.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізіледі. Бағдарлама қатысушылары әрбір отбасы мүшесіне күнкөріс деңгейінің 50% -нан төмен табысы бар азаматтар болады. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипатын қолданысқа енгізу, әлеуметтік көмек алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырады, жұмыс табу және өзін-өзі қамтамасыз етуде олардың ынталандыруын арттырады. Сонымен қатар бұл азаматтардың ел экономикасына және қоғам өміріне қатысу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

2 қараша, 2017 - 20:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші