X
egov

You are here

Үздік әлеуметтік жобалардың басымдылығы

әлеуметтік жобалар

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын құруды ұсынған болатын. Бұл жобада Тәуелсіздік дәуірінде туылған нақты адамдардың нақты тарихтары жинақталған.

Осы жобаның жарқын қатысушыларының бірі – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жыл сайын ұйымдастырылатын «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалардың» 2014 жылғы  жеңімпазы Баялышбаев Елдос болып табылады.

«Арнайы тренажерларда емдік дене шынықтыру арқылы фитнес-оңалту өткізу» әлеуметтік жобасының авторы Баялышбаев Елдос бүгінгі таңда өз жобасын жемісті іске асырып келеді және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға бағытталған түрлі жобаларға қатысуда.

Осы жылы Республикалық көрменің өткізіліп келе жатқандығына
5 жыл толды.

Аталған жылдары Көрме жұмысына қатысу үшін 650 өтінім қабылданып, олардан конкурстың өңірлік іріктеу айналымының жеңімпаздары болып 114 әлеуметтік жоба танылды. Бұл алаңда өмірде іске асырылған әлеуметтік жобалар таныстырылып, олардың көбісі қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Мысалы үшін, авторлары Астана қаласында тұратын жас жігіттер болып табылатын авто еріктілер жобасы өз аясын кеңге жайды және Алматы облысында да қолдауға ие болды.

2015 жылы «Жарайсың» жобасы бірінші вертикализаторларды ұсынды. Сал ауруына ұшыраған балаларды оңалтудың бұл құралы қазіргі таңда барлық Әлеуметтік оңалту орталықтарында өз қолданысын тапты.

Жеңімпаздардың жалпы санынан 21 әлеуметтік жоба авторлардың қаражаттары есебінен, 49 жоба демеушілер қолдау мен тартылған қаражат есебінен және 47 жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылып келеді.

Осы әлеуметтік жоба шеңберінде елімізде қиын өмірлік жағдайға тап болған үш жүз мыңнан астам адамға көмек пен қолдау көрсетілді.

Ағымдағы жылы қатысуға ниет білдірген 155 жобадан 20 жоба үздіктердің үздігі атанып, өңірлік жеңімпаздар болып табылды.

Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу өңірлік Комиссия деңгейінде өткізіліп,  олардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, әкімдердің әлеуметтік мәселелерімен айналысатын кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясының облыстық бөлімшелерінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Үйлестіру кеңесінің өкілдері  және басқа да мүдделі адамдар кірді.

Өңірлік конкурстың жеңімпаздары 2017 жылғы қыркүйек айында Астана қаласында өткізілген Республикалық көрмеде таныстырылды.

Республикалық көрменің жеңімпаздарын марапаттауға еліміз бойынша үкіметтік емес ұйымдарға үлкен қолдау көрсете отырып қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын іске асырып келе жатқан «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры демеушілік көрсетті.

Өңірлердің әлеуметтік дамуына нақты көмек көрсетіп жатқан «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы ерекше аталып өтті.

Жүлделі орын алған Республикалық көрменің жеңімпаздарына Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының ақшалай сертификаттары табыс етілді.

ІІІ орын алған «Инва-СТО» мүгедектік техникаға сервистік-техникалық қызмет көрсету және жөндеу» әлеуметтік жобасына – 1 млн. теңге, ІІ орын алған «Еңбек - жалпыға ортақ» әлеуметтік жобасына 1,5 млн. теңге, І орын алған «Қолжетімді. Ыңғайлы. Әдемі». әлеуметтік жобасына 2 млн. теңге ұсынылды.

3 қараша, 2017 - 18:23 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші