X
egov

You are here

20 мыңнан астам жұмысшылардың құқығы қорғалды

жұмысшылар

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2017 жылдың соңғы 10 айында республикадағы 1372 кәсіпорынның 22,9 мың жұмысшыға 3,1 млрд. теңгеден асатын еңбекақы берешегін анықтады.

Осы кәсіпорындар басшыларына орындауға міндетті 1204 ұйғарым беріліп, 160,6 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, белгіленген қатаң кестелер мен еңбекақы берешегін өтеуді қоса есептегенде, 20 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалған. Оларға 2,7 млрд. теңге төленді.

Жалпы алғанда, аталған кезеңде мемлекеттік инспекторлар 8393 тексеру жүргізді, 12,1 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықтады және 392,5 млн. теңге айыппұл салынды.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторлары 8393 тексеру жүргізді. 12,1 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталып, 392,5 млн. теңге айыппұл салынды.    

 

15 қараша, 2017 - 10:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші