17 қарашада Санкт-Петербург қаласында еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөнінде Консультативтік Кеңес өтеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

17 қарашада Санкт-Петербург қаласында еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөнінде Консультативтік Кеңес өтеді

ТМД елдері

Бұл ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің осымен 30-шы рет кездесуі.

Кеңес жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысады.

ТМД мемлекеттерінің тиісті министрліктері мен ведомстволарының басшылары және сарапшылары әлеуметтік-еңбек және көші-қон саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын болады.

Консультативтік кеңестің міндеті - еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік, еңбек қорғау, жұмыспен қамту проблемаларын шешу, көші-қон, халықтың әлеуметтік жағдайын және радиация зардабын тартқа азаматтардың денсаулығын қорғауда, өзара іс-қимылда келісілген саясат пен шараларды одан әрі дамыту болып табылады.

Биылғы жиынға Ресей төрағалық етеді. Кеңес күнтәртібінде Достастық елдерінде отбасылық-демографиялық саясат, отбасыларды, әйелдер мен балалардың әлеуметтік қорғалуы тағы бір пысықталады.

Сонымен қатар, жиында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық қорытындылары және болашақ міндеттері де талқыланады.

2020 жылға дейінгі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық даму Стратегиясы, жалпы еңбек нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру тұжырымдамасы, және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің еңбек көші-қонын реттеу, 2017-2020 жылдарға арналған Біртұтас еңбек нарығын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар да осы жиынның басты тақырыбының бірі болады. 

Сондай-ақ, осы Кеңес аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың РФ Еңбек министрлігінің басшысы Максим Топилинмен екі жақты кездесуі жоспарланған. Онда екі тарап өзара әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды деп күтілуде   

 

 

 

16 қараша, 2017 - 15:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші