X
egov

You are here

Еңбек министрі Тамара Дүйсенова Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік Кеңестің жұмысына қатысты

Консульативтік кеңес

2017 жылдың 17 қарашасында Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға мүше елдердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік кеңесінің 30-шы отырысы өтті.

Консультативтік кеңес 1992 жылғы 13 қарашада ТМД-ға қатысушы мемлекеттер, Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен құрылды. Аталған кеңес әлеуметтік-еңбек саласының мәселелерін реттеу мен өзара іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған.

 Кеңес жұмысына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, РФ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.А Топлин, Әзербайжан Республикасы  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің рынбасары Н.Н.Мамедов, Армения Республикасының еңбек және әлеуметтік мәселер министрі А.Д. Асатрян, Беларусь республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі И.А.Костевич және Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен, сонымен бірге  ТМД Атқару комитетінен, кәсіподақтардың жалпы конфигурацияларынан өкілдер қатысты. 

Шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ Шығыс Еуропа және Орталық Азия мемлекеттерінің Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) өкілдері байқаушы ретінде шақырылған..  

 Достастық елдерінде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік қорғау басқосудың өзекті тақырыбына айналды. Сонымен бірге, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ынтымақтастық мәселесі қаралды. Халықтың жекелеген топтары: жастар, мүгедектер, әйелдер және тағыда басқалардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін, ынтымақтастықтың қағидаттары бойынша да ұсыныстар әзірленді. Бұдан басқа, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кәсіптік стандарттарын әзірлеу мен қолданудың бірыңғай қағидаттарын енгізуде ынтымақтастық жолдары айқындалды.

Кездесудің қорытындысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік кеңестің шешіміне қол қойылды. Онда еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы басымдықтар тауяда баяндалған болатын.

 

 

17 қараша, 2017 - 15:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші