X
egov

You are here

ҚР мен РФ, Еңбек министрлігі арасында әлеуметтік және еңбек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

меморандум

Тамара Дүйсенова мен Максим Топилин ТМД-ға мүше мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік кеңес аясында өзара екіжақты кездесу өткізді.   

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Челябинскідегі Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумында, қос мемлекетте іске асырылатын кәсіптік стандарттардың дамуын синхрондау міселесін көтерген болатын. Бұл кездесу Елбасының осы тапсырмасы шеңберінде іске асты.   

 Сонымен бірге ЕурАзЭО-қа мүше елдердің ұлттық жүйелерінің ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты даулы мәселелерді реттеу жұмыстарын жеделдету және біріккен Еуразиялық электронды еңбек биржасын құру мақсатында да бұл кездесудің маңызы жоғары.

Осының аясына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен Ресей Федерациясының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Екіжақты ынтымақтастық жобасы тараптардың халықаралық құқықтық нормалар мен ұлттық заңнамаларына сәйкес ұзақ мерзімді және тұрақты негізде тиімді, әрі тең құқылы, өзара іс-қимылдарға мүдделі екендігімен тығыз байланысты болып отыр. 

Бірлескен жобаның мақсаты - әлеуметтік-еңбек саласында достық қарым-қатынастарды дамыту және нығайту болып табылады.

Біріккен жұмыс жоспары бірнеше бағытты қамтиды. Яғни, тараптар жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен өзара алмасуды көздеп отыр. Құжаттың тағы бір маңыздылығы - халықты жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында тәжірибе алмасуға уәкілетті мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын арттыру.

Сонымен бірге аталған Меморандум бірлескен кездесулер, консультациялар, ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізуде екі ел арасындағы қатынасты нығайтуға бағытталған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, құжат екі мемлекеттің әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастықтың барлық аспектілерін қамтиды.

18 қараша, 2017 - 13:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші