Еңбек министрі Тамара Дүйсенова Санкт-Петербургте жұмыс сапармен болды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек министрі Тамара Дүйсенова Санкт-Петербургте жұмыс сапармен болды

ТМД елдерінің еңбекмині

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Консультативтік Кеңеснің 30-шы отырысына қатысты.

Онда ТМД мемлекеттерінің тиісті министрліктері, ведомство басшылары мен сарапшылар әлеуметтік-еңбек және көші-қон саласының өзекті мәселелері талқыланды.

Консультативтік кеңестің міндеті - еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестік саласында өзара келісілген саясатты және оны жүзеге асыруда ұйымдастырылатын  шараларды әзірлеуге жәрдемдесу болып табылады.

Кеңес жұмысына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, РФ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.А Топлин, Әзербайжан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Н.Н.Мамедов, Армения Республикасының еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі А.Д. Асатрян, Беларусь республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі И.А.Костевич және Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен, сонымен бірге ТМД Атқару комитетінен, кәсіподақтардың жалпы конфигурацияларынан өкілдер қатысты.

Бұл басқосуға ТМД-ға қатысушы мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ Шығыс Еуропа және Орталық Азия мемлекеттерінің Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) өкілдері байқаушы ретінде шақырылған.

Достастық елдерінде жүргізіліп жатқан отбасылық және демографиялық саясатты іске асыру, отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік қорғау басқосудың өзекті тақырыбына айналды.

Сонымен бірге, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ынтымақтастық мәселесі қаралды. Халықтың жекелеген топтары: жастар, мүгедектер, әйелдер және тағыда басқалардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін, ынтымақтастықтың қағидаттары бойынша да ұсыныстар әзірленді. Бұдан басқа, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кәсіптік стандарттарын әзірлеу мен қолданудың бірыңғай қағидаттарын енгізу жолдары айқындалды.

Кездесудің қорытындысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік кеңестің №..... шешіміне қол қойылды. Онда еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы басымдықтар тауяда ғана баяндалған болатын.

Бұдан бөлек, Консультативтік кеңес алаңында Қазақстан және Ресей Еңбек министрінің екі жақты кездесуі өтті. 

Кездесу Қазақстан мен Ресейдің Челябинск қаласында болған аймақаралық ынтымақтастық форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  берген тапсырмасына сай өтті. Онда Қазақстанда және Ресейде іске асырылатын кәсіптік стандарттардың дамуын синхрондау туралы айтылған болатын.

Сондай-ақ ЕурАзЭО-қа мүше елдердің ұлттық жүйелерінің ерекшеліктеріне байланысты, қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты даулы мәселелерді реттеу жөніндегі жұмыстарды жеделдету мақсатында Біріккен Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру.

Осының аясына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен Ресей Федерациясының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Екіжақты ынтымақтастық жобасы тараптардың халықаралық құқықтық нормалар мен ұлттық заңнамаларына сәйкес ұзақ мерзімді және тұрақты негізде тиімді, әрі тең құқылы, өзара іс-қимылдарға мүдделі екендігімен тығыз байланысты болып отыр.  

Бірлескен жобаның мақсаты - әлеуметтік-еңбек саласында достық қарым-қатынастарды дамыту және нығайту болып табылады. Біріккен жұмыс жоспары бірнеше бағытты қамтиды. Яғни, тараптар жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен өзара алмасуды көздеп отыр. Құжаттың тағы бір маңыздылығы - халықты жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында тәжірибе алмасуға уәкілетті мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын арттыру.

Сонымен бірге аталған Меморандум бірлескен кездесулер, консультациялар, ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізуде екі ел арасындағы қатынасты нығайтуға бағытталған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, құжат екі мемлекеттің әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастықтың барлық аспектілерін қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Состоялась двухсторонняя встреча министров труда Казахстана и России

Тамара Дуйсенова и Максим Топилин встретились на полях Консультативного Совета по труду, миграции и социальной защите населения государств-участников СНГ.

Встреча состоялась в раках поручений Главы государства Н.А.Назарбаева, озвученных на Форуме межрегионального сотрудничества Казахстана и России в Челябинске.

Напомним, в связи с созданием общего рынка труда в рамках ЕАЭС, Президент Казахстана сказал о необходимости гармонизации и синхронизации процессов разработки профессиональных стандартов, которые сегодня запущены в Казахстане и России. Эти меры будут направлены на взаимное признание квалификации работников.

Кроме того, в своем выступлении Нурсултан Назарбаев выразил инициативу по созданию Единой интегрированной Евразийской электронной биржи труда. К слову, Электронная биржа уже запущена в Казахстане.

Кроме того, профильным ведомствам обоих стран необходимо ускорить работу по урегулированию спорных вопросов касающихся пенсионного обеспечения работников, связанных с особенностями национальных систем стран-участниц ЕвразЭС.

 

 

 

 

 

20 қараша, 2017 - 14:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші