X
egov

You are here

Цифрландыру аясында мүгедектікті анықтау қызметі жетілдірілетін болады

үкімет сағаты

Цифрландыру аясында электронды медико-әлеуметтік сараптама және әлеуметтік –еңбек саласы жүйесіне басқа да өзгерістер енгізу жобасын Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова таныстырды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі күні мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасы жұмыс істейді. Оның негізінде қызмет көрсетудің композиттік түріне көшу жүзеге асырылған да еді.

Егер бұрын мүгедектіктігін дәлелдеп, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге қол жеткізу үшін еңбекке жарамдылығын жоғалтқан адам 3 мекемеге жүгінетін болса, қазір тек бір ғана – медико-әлеуметтік сараптама қызметіне жүгінеді.

Дегенмен, ведомство басшысының айтуынша, бүгінгі таңда мүгедектік тобын анықтауға, жергілікті атқару органдары тарапынан берілген компенсаторлық құралдар сапасының нашарлығына және жемқорлық деректерінің орын алуына қатысты көптеген шағымдар түсіп жатады.

«Осыған байланысты, МЭС-ті қызмет көрсетудің электронды форматына көшіру арқылы толық өзгерту қарастырылуда. Ал бұл - мүгедектікті анықтау туралы өтініш енді электронды түрде e-Gov арқылы түсетін болады деген сөз. Яғни медико- әлеуметтік сараптама қазіргі кездегідей өтініш берушінің тікелей қатысуын талап етпейді. Өтініш орталықтандырылған түрде, өтініш беруші тұратын аймаққа еш қатыссыз, тәуелсіз дәрігер-сарапшылар арасында таратып беріледі» -деді министр.

Соның нәтижесінде, мүгедектікті анықтау үдерісі ашық және әділ өтетін болады және жемқорлыққа жол беру шектеледі.

Тағы бір айта кетерлігі, Министрлікте құрылған Әлеуметтік –еңбек саласының Біріңғай ақпарат жүйесі қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша бірнеше жобаларды қамтиды. Олар – еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зәйнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет және көш-қон бағыттары.

21 қараша, 2017 - 11:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші