Еңбек министрлігінде «Дамуында ерекше қажеттіліктері бар балалар» атты диалог алаңы өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек министрлігінде «Дамуында ерекше қажеттіліктері бар балалар» атты диалог алаңы өтті

диалог алаңы

Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Дамуында ерекше қажеттіліктері бар балалар» атты кезекті диалог алаң өтті.  Бұл осымен 10-шы рет ұйымдастырылып отыр.

Диалог алаңы «Балаға мейірімді Қазақстан!» халықаралық конференция аясында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен(ЮНИСЕФ),ЕуроОдақ өкілдіктерімен және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесе отырып, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілді.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, білім және ғылым, мәдениет және спорт, қаржы министрліктері, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және басқа ұйымдардың өкілдері келді. Сондай-ақ, бұл басқосуға онлайн-конференция арқылы өңірлердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, білім, денсаулық сақтау; мәдениет, мұрағат және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат басқармаларының мамандары, әкімдердің мүгедектер мәселелері бойынша кеңесшілері қатысты.

20 - қараша күні өткен конференция БҰҰ күнтізбесінің Халықаралық балалар күнімен тұспа - тұс келді.

1959 жылдың дәл осы күні БҰҰ Бас ассамблеясы Балалар құқықтары туралы декларацияны, ал 1989 жылы – Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Аталған ұйым барлық елдерге 1956 жылдан бастап Халықаралық балалар күнін мерекелеуге және оның қызметін әлемдегі балалардың саламаттығын қамтамасыз етуге бағыттауға ұсыныс берді.

Іс-шара балалар мен жастардың құқығы мен қызығушылықтарын қорғаумен айналысатын мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар жүргізіп жатқан жүйелі жұмыстың жалғасы болып табылады.

 

21 қараша, 2017 - 12:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші