X
egov

You are here

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Селекторлық отырыс

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалық етуімен бейне байланыс арқылы министрлікке қарасты құрылымдық бөлімше жетекшілері мен облыс әкімдері орынбасарларының қатысуымен селекторлық жиын өтті.

Күн тәртібінде халықты жұмыспен қамтуды дамыту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты рәсімдеу, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан және 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін жаңашылдықтар, сондай-ақ «Өрлеу» жобасын іске асыру нәтижелері қаралды.

Жиын  барысында 2017-2021 жылдарға арналған Еліміздегі нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының көрсеткіштерін іске асыру мәселесі де талқыланды.

Басқосуда бүгінгі күні бағдарламаны орындаудағы қол жеткізілген негізгі көрсеткіштер айтылды.

23 мың адам субсидияланған әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді немесе жоспардың 137% -ы орындалды. Жастар тәжірибесінен 24 мың жас маман өтуде. Бұл жоспардың 131% -ы орындалды деген сөз. Қоғамдық жұмыстарға 85 мың адам тартылды немесе жоспардың 111 % -ы орындалды. Ал, инфрақұрылымдық жобаларға 1,9 мың адам тартылды.

Қорыта айтқанда бүгінге дейін 409 адам жұмыспен қамтылды.

Тұрақты жұмысқа тартылған адамдардың ең аз үлесі Маңғыстау (52,2%) және Ақтөбе (54,6%) өңірінде тіркелді. Бұл бойынша жергілікті атқарушы органдарға кешенді жоспарлар шарасын қалыптастыруға мұқият көңіл бөлу ұсынылды. 2018 жылы мемлекеттік бағдарламалардың, жеке бастамалардың әлеуетін барынша пайдалану қажеттігі айтылды. 

Сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға биыл жыл соңына бөлінген бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануды және жоспарланған көрсеткіштерді іске асыруды қамтамасыз ету ұсынылды.

Кездесу барысында өз бетінше жұмыспен қамтылған халықты және еңбек ағындарын ресімдеу бойынша аймақтардағы Жол карталарын енгізу мәселелері қаралды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, өңірлерде жобаларды басқару шеңберінде ірі кәсіпорындармен жол карталарын қалыптастыру және аяқтау жұмыстары жалғасуда.

Республикада әр қайсысында нақты 500 адамнан асатын, шамамен 800 ірі кәсіпорын бар. Оның ішінде 617-сінде өңірлердегі жол картасын жасау шарттарына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде 114 ірі кәсіпорынмен жол картасы бойынша келісімдер жасалды. Қазір белсенді түрде Алматыда – 31, Қостанай облысында – 15, Ақмола және Батыс Қазақстан облысында – 11 болса, ал, Павлодарда - 9 және Ақтөбе облысында - 8 келісім жасалған.       

Қордаланған мәселелерді талқылау кезінде, жергілікті атқарушы органдар жол  картасының жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыру қажеттігі сөз болды. Әкімдіктер жұмыстан босап қалған қызметкерлерді оқыту, қайта даярлау және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ кәсіпорындардың қызметкерлерін анықтау және іріктеу бойынша белсенді шаралар қабылдау керек.  

Маңызды тағы бір мәселе - 2017 жылдың 1 - қаңтарынан бастап әлеуметтік-еңбек саласына енгізілген өзгерістер. Атап айтқанда, АӘК-тің жаңа форматы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруі, базалық және ынтымақты зейнетақы көлемінің ұлғаюы.

Жаңа форматтағы АӘК -тің енгізілуіне байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі базасында жұмыспен қамту орталықтарының мамандары мен консультанттары оқыды. Барлығы 1300 маман даярлаудан өтті. 

Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандары үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Қазір орталық мамандары жаңа форматтағы АӘК жайында тұрғындарға уақтылы және толық ақпарат беруге дайын.

Селекторлық отырыс барысында Үкіметтің 2018-2020 жылдарға арналған жұмысшылар, жұмыс берушілер мен республикалық бірлестіктерінің арасындағы Бас келісім жобасы туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасов баяндады. 

Жоба жаңа Еңбек кодексін жүзеге асыру аясында әзірленді және Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының басымдықтарына негізделген.

Негізгі Бас келісімнің мақсаты - әлеуметтік, еңбек және экономикалық саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын анықтау және лайықты еңбек жағдайларын жасау.

Қазіргі уақытта Келісім жобасы мемлекеттік органдардың және әлеуметтік серіктестердің ұсыныстарына сәйкес жасалуда.

Айта кету керек, бүгінгі күні елімізде 21 салалық және 200-ден астам аймақтық келісімдер бар.

Жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы өңірлік келісімдерге шолу жасап,  және оның жаңаруын қамтамасыз ету ұсынылды.

11 желтоқсан, 2017 - 17:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші