X
egov

You are here

Алматыда 18 жастан асқан мүгедектерге арналған кеңсе ашылды

бөлімше ашылды

Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Алматы қаласында психоневрологиялық дертке шалдыққан 18 жастан жоғары мүгедек жандар үшін өз бетімен өмір сүруге арналған бөлімше ашылды.

20 адамға арналған орталық «№1-ші арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» МКМ жанынан құрылып отыр. 

Айта кету керек мемлекеттік секторлар арқылы осындай жобаны жүзеге асыруда Алматы қаласы алғашқылардың бірі болып саналады. Аталған жобаны іске асыру үшін осы жылы мемлекеттік бюджеттен 27 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, жоба аясында аталған бөлімшенің қызмет алушыларын оқытып және оларды жұмысқа орналастыруға мүмкіндіктер қарастырылған.

Тренингті «NURALAU» әлеуметтік жобасының тігін шеберханасы ұйымдастырды.

Бұл Қазақстандағы мүгедектер үшін бейімделген киім-кешек өндіретін жалғыз арнайы өндіруші. Жоба 2017 жылы «Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан, ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсының жеңімпазы атанған.

Өзбетімен өмір сүру үшін шағын үйлердің сыйымдылығын дамыту бойынша әр қызмет алушылардың  кәсіби сауықтыру мүмкіндігін бағалау және олардың өз отбастарымен жеке өмір сүрулеріне мүмкіндік жасау барынша қарастырылған.

Сондықтан, Концепцияны орындау бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін алға қарай жетілдіру мақсатында әлеуметтік қамтамасыз етуге, қол жетімділігін кеңейту, осындай шағын үйлердің санын көбейтіп қана қоймай ірі интернат – үйлерінің ауқымын институттауды жүргізу қажет.

2017 жылдың 12 шілдесінен бастап мемлекеттік емес секторлар арқылы әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Алматы қаласында 40 адам осы жоба бойынша қамтылды және оны екі үкіметтік емес ұйым («Психосараптау қауымдастығы» БҰ және «Рух» жастар одағы» БҰ) жүзеге асырды.  

14 желтоқсан, 2017 - 13:24 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші