X
egov

You are here

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың мәселесі қалай шешіледі?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

Мемлекет басшысы Н. Ә Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел экономикасына бейресми жұмыспен қамтылған халықты қалыптастыру және тарту мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасын» әзірледі.

Еске салайық, биыл өткен  қыркүйек айында Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Президент өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың «тікелей салық төлеу» мәселесін көтеріп, мемлекет мұндай азаматтарға барлық жағынан көмек көрсететінін атап өтті.

Елбасының тапсырмасына сәйкес табыстарды есепке алу, салық төлеу және өз бетінше жұмыспен қамтылған халықты зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесі бойынша - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдармен маңызды жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, барлық деңгейдегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ресми түрде қалыптастыру мақсатында қызметкерлердің жұмысы жанданды.

Аймақ әкімдерінің орынбасарлары осы жылдың 11 - желтоқсанында министр Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен селекторлық жиында өңірлердегі істеліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Мүдделі органдардың - әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер, әділет саласы, полиция қызметі бірлесіп бірқатар шараларды жүргізгенін айтқым келеді. Келесі жылы да Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары осы бағытта жалғасуы тиіс», -деп атап өтті министр.

Айта кету керек, жасырын айналым нәтижесінде 1,5 млн-нан астам нәтижесіз жұмыспен қамтылған адам анықталған. 

Жол картасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдар, халықтың барлық санаты бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды заңдастыруға және оларды Жұмыспен қамту бағдарламасына тартуға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын ұсынды.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, осы жұмыстар нәтижесінде халық бүкіл сақтандыру жүйесіне қатысуы әбден мүмкін.

Жалпы алғанда, Жол картасы үш жағдайда: бірінші - өздігінен жұмыспен қамтылмаған жұмыссыздарды өзектендіру, екінші – оларды жеңілдетілген жағдаймен рәсімдеу және табысы 12 АЕК-ден төмен болатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды салықтан босату туралы ұсыныс қарастырылатын болады. Нәтижесінде, олар БЖЗҚ-дағы зейнетақылық төлемдер мен МӘСҚ әлеуметтік жеңілдіктеріне толық сене алатын болады. Үшінші - Жұмыспен қамту бағдарламасына өздігінен жұмыс істемейтіндерді тұрақты түрде тарту.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресми ресімдеу іс-шараларында халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

 

20 желтоқсан, 2017 - 11:46 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші