X
egov

You are here

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2017 жылғы 11 айдағы қорытындысы

жұмыс

Биыл 500 мыңнан астам қазақстандық «Жұмыспен қамту» бағдарламасына қатысты

20 – желтоқсанда Үкімет отырысында Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асырудың алдын-ала нәтижелері туралы, сондай-ақ өңірлерде жұмыспен қамтуды кеңейтудің жоспарлары туралы, баяндады.  

Бағдарламаға қатысқан 500 мыңнан астам қазақстандықтардың 50% -ы ауыл тұрғындары. Жалпы алғанда 11 айда 413 мыңдай қазақстандық жұмыспен қамтылса, оның 279 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша азаматарды жаппай оқыту ұйымдастырылды. Соның шеңберінде барлығы 90 мыңнан астам адам қамтылды.

Оқытудың нәтижелерін қорыта келе, министр азаматтарды жұмысқа орналастырудың маңыздылығын атап өтті.

 «Қысқа мерзімді оқыту жұмыстарына аймақтардан 402 колледж, 77 жұмыс берушілер тарапынан, 5 мобильді оқыту орталығы жұмылды. Бүгінде 43,5 адам қысқа мерзімді оқудан өтіп, олардың 49%-ы жұмысқа орналастырылды. 6 аймақта – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Павлодар және Солтүстік қазақстан облыстарында оқудан өткендердің 57,5 тен 87% -ға дейінгі шоғыры жұмысқа орналасты. Ал, Қызылорда мен Маңғыстау облысытарында тұрғындардың жұмысқа орналасу деңгейі төмен қалып отыр»- деді министр Тамара Дүйсенова.   

Бағдарламаның екінші бағыты – ҰКП-ның кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және кәсіпкерлікке үйрету бағытындағы «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде 15 мың адам қамтылды.  

Шамамен 7 мың адам жалпы көлемі 37 млрд. теңге несие алды. Олардың 4 мыңдайы жеке ісін ашты. 

 «Келесі жылы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың арасында «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша қатысатын адам санын екі есеге арттыру жоспарлануда. (30 мың адамға дейін.) Бұл шағын несие алуға үміткерлердің санын 11 мыңға, ал берілетін несие көлемін 40 млрд теңгеге дейін артыруы мүмкін» -  деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, бағдарламаның тетіктерін одан әрі жетілдіру мақсатында министр азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бойынша кейбір өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті.

Осылайша,  2018 жылдан бастап "Бастау - Бизнес" кәсіпкерлік негіздерін оқыту  жобасын ауылдармен қоса, шағын және моноқалаларда да жүргізу ұсынылып отыр. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге және шағын несие алған тұлғаларға мал шаруашылығын дамытуға арналған жабдықтар сатып алуға құқық беру ұсынылады.

Азаматтардың еңбекке бейімділігін арттыру үшін биыл облыстың барлық өңірлерінде жұмыс берушілер аймақтарда бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Соның нәтижесінде, екі мыңнан астам отбасы елдің солтүстік аймағына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірді.

Бүгінгі күні бағдарлама бойынша 381 отбасы немесе 1479 адам солтүстік өңірлерге бөлінген қаржыны ескере отырып, оңтүстік өңірлерден өз еркімен көшті. Келесі жылы аймақтардағы қоныс аудару квотасын 5 есе ұлғайту жоспарлануда - 1700 отбасы немесе шамамен 7000 адам.

2018 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтуда ауқымды жұмыс басталады

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

«Жаңа жылдан бастап Президент Әкімшілігімен бекітілген Жол картасының бір бөлігі ретінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды ресімдеу бойынша ауқымды жұмыстарды бастаймыз. Осыған байланысты, Бағдарламаның негізгі көрсеткіштерін айқындау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу тәсілдері өзгереді» - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, үй-үйді аралаудағы негізгі көрсеткіш «тіркелмеген жұмыссыздар» және « нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар» ретінде анықталатын болады.

Еске сала кету керек, биыл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресми түрде тіркеу үшін үй-үйді аралауда көптеген жұмыстар атқарылды.

Енді осы санаттағы деректер базасын есепке ала отырып, Бағдарламаға өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды тартудың жеке мониторингі жасалып, оларды бақылау жүзеге асырылатын болады.

1-қаңтардан бастап жұмыспен қамту орталықтары кезең-кезеңмен халықаралық стандарттарға көшеді

Еңбек нарығы инстиуттарын дамыту мақсатында, осы жылдың қазан айынан бастап электронды еңбек биржасы жұмыс істей бастады. Бүгінге дейін онда 25,5 мың бос жұмыс орны мен 7 мыңдай түйіндемелдер орналасқан 

Пилоттық жоба асяында жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындар саны екі есеге көбейді, жұмыс іздеп жүргендердің саны 11% -ға, жұмыспен қамту саны 6,5% -ға артты. Төрт қалада - Алматы, Астана, Павлодар, Шымкенттегі жұмыспен қамту орталықтары қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарына көшу арқылы трансформациялау жұмыстарын жүргізілді.

1-қаңтардан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілуіне орай, еліміздегі халықты жұмыспен қамту орталықтары жаңа жұмыс тәсілдерін қолдана бастайды.   

Қазіргі уақытта жұмыспен қамтудың мемлекеттік орталықтарын кең ауқымда трансформациялауды және жеке жұмысқа орналастыру агенттіктерін тартуды көздейтін жаңа заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда.

Сонымен бірге, еліміздің барлық аймағында жаңа форматтағы АӘК бойынша келісім-шарт жасау жұмыстары басталды.

Жоғарыда айтылған АӘК алатын отбасылар саны 350 мыңға жуық болады. Оларға тек қаржылай ғана емес, жұмысқа орналасуға да жан-жақты көмек көрсетіледі.

«Осыған байланысты, кезек күттірмес үшін, табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40% кем тұратын отбасылармен әлеуметтік келісімшарттар жасау басталды. Бүгінгі күні мұндай келісімдер жасаған отбасылар саны шамамен 79 мыңға жетті, бұл 116 мыңға жуық жұмысқа қабілеті бар азаматтар.» - деп атап өтті Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. 

Бұдан басқа, Министр облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдеріне жаңа форматта енгізілгелі отырған АӘК келісімшарттарын жүзеге асыруға ерекше назар аудару керектігін айтты. Бұл жұмыстар келер жылдың 15- қаңтарынан кешіктірілмей басталуы қажет.   

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының тетіктерін жетілдіру мақсатында бірқатар өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажеттігін атап өтті.

Осылайша, азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ынталандыруға байланысты енетін өзгерістер, яғни қоныс аударушылардың барлық мәселесін шеше отырып, тұрақты жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілерге 450 АЕК (1 082 250) субсидия беру ұсынылып отыр.

Бұдан басқа, қоныс аударудың өңірлік квотасына «Серпін» жобасының түлектерін, сондай-ақ 10 пайыздық квота бойынша келу өңірлерінде оқып жатқан түлектерді қосу ұсынылады.

Өзгерістердің екінші блогы азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға қатысты.

«2018 жылдан бастап «Бастау - Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасын ауылдармен қатар, қалаларда, шағын және моноқалаларда қамту ұсынылады. Жергілікті атқарушы органдарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етуге және жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін микрокредиттер алған адамдарға құрал-жабдықтар сатып алуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлуге құқық беру ұсынылады.» - деді ведомста басшысы Тамара Дүйсенова.   

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасын ұсынды

Жоба осы жылдың 20 - желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында ұсынылды. Жалпы, заң жобасында 16 нормативтік-құқықтық актіге, оның ішінде Қазақстан Республикасының 3 кодексіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесіндегі өзгерістерді азаматтардың, отбасы мүшелерінің, жеке сектордың және ҮЕҰ-ның әлеуметтік қызметтеріне қатысудан басқа, олармен ынтымақтасуды қамтамасыз етуді тереңдету ұсынылады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетігі мен ынталандыру тарифтік саясатты қолдана отырып, әлеуметтік қызметтердің нұсқалары мен түрлері енгізілген.

 

20 желтоқсан, 2017 - 18:29 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші