ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың төрағалығымен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу туралы кеңес өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың төрағалығымен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу туралы кеңес өтті

Еңбекмині

22 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бейнебайланыс режимінде селекторлық отырыс өтіп, өздігінен жұмыспен қамтылғандарды ресми түрде рәсімдеу Жол картасын іске асыру мәселесі сөз болды.

Жиынға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018-2019 жылдарға арналған еліміздің экономикасында бейресми жұмыспен қамтылған халықты ресімдеу және тарту бойынша Жол картасын әзірледі.

Берілген тапсырманы орындауда мүдделі органдардың - әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер, әділет, полиция қызметінің бірлесіп үй-үйді аралау жұмыстары жүзеге асырылды.

Нəтижесінде олардың əлеуметтік мəртебесін түсіндіруді талап ететін адамдардың контингенті анықталды.

Бүгінде Жол картасы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

    - елден кетіп қалған, қаза тапқан және білім алушылар туралы өзекті ақпараттандыру;

   - жалдамалы жұмыскерлерді және жеке кәсіпкерлерді, міндетті зейнетақы жарналарын аудармағандарды ресми тіркеу;

    - өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтар ретінде жіктелген тұлғаларды өнімді жұмыспен қамту.

Кездесу барысында Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев айтылған  жұмыстарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтауды тапсырып, ақпараттың өңделуін өте  мұқият түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.

 «Осы мақсатта мемлекеттік органдар мемлекеттік мекемелер базасын біріктіріп, бірлескен жұмыстарды жүргізуді қажет етеді», - деп атап өтті вице-премьер.

22 желтоқсан, 2017 - 22:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші