X
egov

You are here

Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады

Нәтижелі жұмыспен қамту

Мамандыққа да машықтанып, жұмысқа да орналасуға болады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы екі қолға бір күрек ұсынып, еңбек нарығының сұранысын да реттейді. Сарыағаш ауданында осынау мемлекеттік бастама аясында 400-ден астам тұрғын түрлі мамандықтарды оқып, арнайы куәліктерге қол жеткізді.

Үш ай бойы түрлі мамандыққа машықтанған бағдарлама қатысушыларына куәліктер тапсырылды. Тігінші, темір ұстасы, аспаз сияқты бүгінде таптырмайтын бас-аяғы 10 кәсіп түрін игергендердің тең жартысының бүгінде тұрақты жұмыс орындары да дайын дейді салаға жауаптылар. Салтанатты шарадан кейін жас мамандарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 60-тан аса жұмыс беруші қатысып, 250-ден аса жұмыс орнын ұсынды. Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында 1500-ден астам адам қысқа мерзімді оқу курсына жолданған. Олар өңір басшысының «Әр ауылға өз шебері» бастамасы аясында үш айлық курс кезінде ауданға қажетті деген 38 мамандықты игеріпті. 

Айта кетейік, облыста арнайы бағдарлама аясында 12 мыңнан аса адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жолданып, бүгінде оның 9 мыңдайы аяқтаған. Еңбек нарығында аса қажетті деген 85 мамандық бойынша арнайы білім алған бағдарлама қатысушыларының тең жартысы екі қолға бір күрек тапты дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері.

 

26 желтоқсан, 2017 - 14:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші