Еңбек министрлігінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу мәселелері талқыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еңбек министрлігінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу мәселелері талқыланды

жиналыс

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды ресімдеу мәселесі бойынша кезекті бейне байланыс конференциясы өтті.

Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департамент жетекшілері, облыстардың және Астана мен Алматы қаласы әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Өңірлер, Астана және Алматы қалалары Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарларын, сондай-ақ Жұмыспен қамту карталарын толтыру бағытындағы  атқарылып жатқан істермен таныстырды. 

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жұмыссыз және еңбекке жарамды адамдарға шартты ақшалай көмек алуға жәрдемдесуді қамтамасыз етудегі атқарылатын шаралардың барлығы кешенді жоспарға жатады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Н. Ә Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018-2019 жылдарға арналған еліміздің экономикасында бейресми жұмыспен қамтылған халықты ресімдеу және тарту бойынша «Жол картасын» әзірледі.

Бүгінде «Жол картасы» келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

 - елден кетіп қалған, қаза тапқан және білім алушылар туралы өзекті ақпараттандыру;

- жалдамалы жұмыскерлерді және жеке кәсіпкерлерді, міндетті зейнетақы жарналарын аудармағандарды ресми тіркеу;

- өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтар ретінде жіктелген тұлғаларды өнімді жұмыспен қамту.

 

 

29 желтоқсан, 2017 - 18:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші