X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенованың Жаңа жылмен құттықтауы

Құттықтау

 Қадірлі әріптестер! Қымбатты достар! 

Жаңа жыл  - халық күткен үлкен мереке, жаңа уақытқа аяқ басатын кез – алға жақсы үмітпен қарайтын сәт, жаңашылдықтың нышаны.

Өткенге салауат айтайық, ескі жылда көп істер арқарылды. Үкімет жоспарланған барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті. Мемлекет Басшысының тапсырмасымен өткен жылы зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артып, жүздеген мың жаңа жұмыс орындары ашылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының алғашқы қорытындылары айтарлықтай болды, істелген шаралар 530 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

Осылайша он мыңдаған азаматтарымыз бүгінгі еңбек нарығына қажет деген жаңа мамандық иесі атанды. Ауыл-аймақ, қалалықтар аталған бағдарламаға қатысып, жеке істерін ашты.

Келер жылы да ілгері басқан ісіміз осы деңгейде жалғасын табарына сенімдімін.

Сондықтан, еліміздегі әлеуметтік-еңбек саласының дамуына үлес қосқан баршаңызға алғысым шексіз!

Жаңа жылда алдымызда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 1-қаңтардан бастап біз жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті қоғам өміріне енгіземіз.

1 - қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақылар  - ынтымақты (еңбек) зейнетақы 8%-ға, базалық зейнетақы, сонымен бірге басқа да жәрдемақы түрлерінің көлемі- 6%-ға ұлғаяды.

Сонымен бірге 2018 жылдың 1 - шілдесінен бастап зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімінің ұзақтығына байланысты жаңа әдіске сәйкес базалық зейнетақы тағайындалады.

Ведомства алдында тұрған кең ауқымды міндеттерді есепке ала отырып, әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметкерлердің еңбекқорлығы мен кәсібилігі, олардың жауапкершілігі, осы салаға берілгендігі мен адалдығы қол жеткізілген нәтижелерді нығайтуға ғана емес, сонымен бірге жаңа жетістіктерге жетуге де көмектеседі.

Өткен жылды құрметпен шығарып сала отырып, біз қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланамыз және жаңа жетістіктерге қарай ілгерілеп келеміз!

Қымбатты достар...! 2018 жылы алға қойған барлық жоспарларыңыз, соған қарай ұмтылған қадамдарыңыз бен жаңа бастамаларыңыз орындалсын!

Шын жүректен, сіздерге және отбасыларыңызға Жаңа жылда тыныштық, жақсылық, өркендеу мен зор денсаулық тілеймін!

Жаңа жылдарыңызбен!

Құрметпен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.                           

29 желтоқсан, 2017 - 18:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші