X
egov

You are here

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шамамен 105 мыңнан астам келісімшарт жасалды

Үкімет отырысы

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.  

Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасын орындауда, жыл басынан бері жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмек жүзеге асырыла бастады.

Еңбек министрінің айтуынша, соңғы үш жылда осыған даярлық жұмыстары жүргізіліп, атап айтқанда жаңа сипаттағы АӘК-тің прототипі болып табылатын «Өрлеу» жобасы іске асырылды. 

«Осының аясында, барлық қажетті құқықтық және нормативтік база әзірленді, жергілікті атқарушы органдардың барлық деңгейдегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін оқыту ұйымдастырылды, АӘК тағайындаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жасалды.

Бір мезетте жаппай өтініш білдірудің алдын алу үшін 2017 жылдың төртінші тоқсанынан бастап АӘК алушылармен әлеуметтік келісімшарттар жасалды», - деді Тамара Дүйсенова.

Нәтижесінде бүгінгі күні 105 мың әлеуметтік келісімшарт жасалды, оның ішінде 88 мың отбасы мүшелері жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін ақшалай көмек пен мемлекеттік қолдау шараларын алады.

Жергілікті атқарушы органдардың бекіткен кестесіне сай, қаңтар айында аталған көмек 48,9 мың отбасына көрсетіледі. 

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, жаңа сипаттағы әлеуметтік көмектің жүзеге асырылу нәтижесі жергілікті атқарушы органдардың істейтін жұмыстарына да тікелей байланысты болмақ.

«Осы ретте, облыс әкімдері АӘК -ті алатын отбасыларды белгіленген кестеге сәйкес қамтуды, әсіресе жұмысқа орналасуға мемлекеттік қолдау көрсетуді, несиелер беруді және оқыту бойынша жасалған әлеуметтік келісімшарттардың орындалуын қатаң түрде қадағалауы қажет деп білемін», - деді сөз арасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

16 қаңтар, 2018 - 11:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші