X
egov

You are here

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2018 жылы бейресми жұмыспен қамтылғандарды жұмысқа орналастыру туралы айтты

Үкімет отырысы

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2017 жылы 527 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 136 мыңы бейресми түрде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, олардың мәртебесі үй-үйді аралау кезінде анықталды.  

Айта кету керек, өткен жылы азаматтардың мәртебесін анықтау және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресми рәсімдеу кезінде 5,7 млн. адам анықталған болатын. Орталық мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде шамамен 3 млн. адамның мәртебесі бір жылдан кем уақытта рәсімделді және бүгінгі күнде 2,7 млн. адамның мәртебесі анықталмай отыр.

«2,7 млн. азаматтың мәртебесі жоқ, 1,14 млн-ы бейресми жұмыспен қамтылғандар, оларды рәсімдеу үшін тиісті заңнамалық өзгерістер қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүрген 1,55 млн адам нәтижелі жұмыспен қамтуға қатысуы қажет»,- деп атап өтті Үкімет отырысында Тамара Дүйсенова.

Жұмыстың нәтижелері көрсетіп отырғандай, негізгі міндет – 2,7 млн. адамды  емес, 1,5 млн адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру.

Ведомство басшысының айтуынша, еңбек қызметін ынталандыруды есепке ала отырып, жұмыспен қамту саласын цифрландыру және әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуды қоса алғанда, бірқатар кешенді шаралар әзірленді. Бұл нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасымен бірге жүргізілетін болады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды және жұмыспен қамтуды жандандырудың жоспарларын қалыптастыру үшін аймақтар жол картасын бекітті.

2018 жылы жұмыспен қамту әлеуетіне сай 743 мың жұмыс орны анықталды, олардың 220 мыңы жаңа жұмыс орындары.

Сонымен қатар, үй-үйді аралау кезінде анықталғандар санынан 571 мың азамат жұмыспен қамту индикаторы ретінде белгіленіп отыр. 

Олардың әлеуметтік сипаты төмендегі санаттар бойынша: 52% жұмыссыздар, 48% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, гендерлік аспектіде, яғни 48% әйел адамдар, аз қамтылғандар 22% және жастар  30%-ды құрап отыр.

«Сонымен бірге, жобаларды іске асыру кезінде кез-келген елді мекендерде жұмыспен қамту мониторингі біз жасаған, нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін электрондық карта негізінде жүзеге асырылатын болады», - деп өз сөзін қорытындылады министр Т. Дүйсенова.

16 қаңтар, 2018 - 11:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші