X
egov

You are here

Үкімет отырысында Еңбек министрі Т. Дүйсенова өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресми түрде рәсімдеу туралы айтты

ҚР Үкімет отырысы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың келтірген мәліметіне сай, АҚШ пен Канада сияқты елдерде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың үлесі 10%-дан төмен, Жапонияда, Финляндияда және Ұлыбританияда олардың үлесі - 15%. Ал, Қазақстан өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтардың төрттен бірі болатын Италия мен Корея секілді елдер қатарында.

«Біздің елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың дені өтпелі кезеңді бастан өткергендер. 1991 жылдан бастап 2001 жылға дейін кәсіпорындардың жаппай жабылуы мен жұмыс орындарын қысқарту кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 8,7 есе немесе 327 мыңнан 2,8 млн адамға дейін артты», - деді министр.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық аясында азаматтардың мәртебесін анықтау бойынша және өз бетінше еңбек ететіндерді рәсімдеу бағытында жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіп, жалғастыруда.

Алғашқы кезеңде мемлекеттік органдардың 2017 жылғы 1 сәуірдегі ақпараттық жүйелерінде 13,2 млн. адамның әлеуметтік мәртебесі анықталған болатын. Сондай-ақ тағы 5,7 млн. адамның мәртебесін нақтылау көзделген еді. Себебі бұл азаматтар не міндетті зейнетақы жарналарын төлеп отырған жұмысшылар, не студенттер, не түрлі әлеуметтік төлемдер алып отырған халықтың қатарында болмаған.  

Екінші кезеңде, яғни былтырғы жылдың сәуір-тамыз айларында жергілікті атқарушы органдар үй-үйді аралау жұмысын жүргізген болатын. Нәтижесінде 1,5 млн. адамның мәртебесі жаңартылды.

Ал:

- елден шығып кеткен және қайтыс болған немесе өздерін студент деп таныстырған 943 мың азамат туралы деректерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде жаңарту;

- 1,7 млн. адамды және оның ішінде 1,5 млн. жалдамалы жұмысшылар мен 233 мың жеке кәсіпкерлерді ресми түрде рәсімдеу;

- 1,6 млн. адамды нәтижелі жұмыспен қамту қажет.

Үшінші кезеңде орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2017 жылдың соңына дейін елден шығып кеткен, қайтыс болған және студенттерден құралған 438 мың адамның мәртебесі анықталды.

Қалған азаматтардың деректері бірінші тоқсанда нақтыланады.

Рәсімдеу жұмыстары кезінде 2017 жылы 54 мың жеке кәсіпкер мен еңбек қатынастары бойынша жалданып жұмыс істеп жатқан 560 мың жан тіркелді.

Бұдан әрі 1 млн. жалдамалы жұмысшының және жеке кәсіпкердің құқықтық мәртебесін анықтау үшін заңнамалық өзгерістер қажет.

Министрдің айтуынша, бейресми жұмыспен қамтылған азаматтардың «көлеңкелі экономикадан бас тартуы» үшін ұлттық сарапшылармен бірлесіп кешенді шаралар дайындалды.

«Ең алдымен, бұл еңбек қатынастарын тіркеуді жеңілдетуді көздейтін өзгерістер және оларды статистикалық есепке алудың бірыңғай тетігін енгізу. Екіншіден – бұл фискалды шаралар. Бейресми жұмыспен қамтылған салаларда және жеке саудада салық режимдерін өзгерту, зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды мерзімінен бұрын өтеу үшін есептелген айыппұлдар туралы «амнистияны» ұйымдастыру. Үшіншіден – бұл экономикалық шаралар, яғни шағын несиелерді кеңейту және гранттық қолдау жүйесін құру», - деп өз сөзін қорытындылады министр Т.Дүйсенова.

Жұмыстың маңызды бағыты еңбек қызметін ынталандыруды есепке ала отырып, жұмыспен қамту саласын цифрландыру және әлеуметтік кепілдіктер беру болып табылады. Үй-үйді аралау барысында тіркелмеген жұмыссыздарға мемлекет әлеуметтік кепілдіктер қарастырылады. Осылайша, әлеуметтік аударымдар жасайтын және жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген азаматтар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төлемдер алуға мүмкіндік алады.

Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша Еңбек министрі Т. Дүйсенова өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу шеңберінде азаматтардың мәртебесін жаңарту, бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру және еңбек қызметін ынталандыру бойынша атқарылатын шараларды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен бірге, 1,5 млн. адамға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары қарастырылатын болады.

16 қаңтар, 2018 - 11:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші