2017 жылы 392 мыңнан астам азамат бала тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы алды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2017 жылы 392 мыңнан астам азамат бала тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы алды

бала тууына  байланысты жәрдемақы

2017 жылы «Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес 392,7 мың азаматқа бала тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы беріліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 34,7 млрд. теңге жұмсалды.

Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәмдемақы мөлшері 86 222 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 142 947 теңге төленеді.  

2018 жылы бала туылуына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 40,2 млрд. теңге қарастырылған және бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін  жәрдемақы мөлшерлері 91 930 теңге, ал төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 151 515 теңге болады.

17 қаңтар, 2018 - 09:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші